From Wikipedia, the free encyclopedia
Саумалкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Шарықты ауылдық округінің аумағында, Бұлақадір ауылының оңтүстік шығысына қарай 16 км жердегі төбеаралық ойпаңда, теңіз деңгейінен 679, 8 м биіктікте орналасқан көл.
Саумалкөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 679, 8 м |
Өлшемі | 3,6 × 2,7 км |
Ауданы | 6,5 км² |
Көлемі | 9 млн. км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 13,3 км |
Гидрология | |
Судың мөлдірлігі | 107 м |
Орналасуы | |
50°02′51″ с. е. 75°59′21″ ш. б.50.04750° с. е. 75.98917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы |
Аудан | Қарқаралы ауданы |
Ауданы 6,5 км2 , ұзындығы 3,6 км, ең енді тұсы 2,7 км, ең терең жері 2,7 м. Жағалауының ұзындығы 13,3 км. Су жиналатын ауданы 107 км2. Қар және жер асты сумен қоректенеді. Жағасы жарлауыт келген. Оңтүстік шығыс жағасының тік жары 13 м-ге жетеді. Суының көлемі 9 млн м3-дей.
Жағалау бөлігінде қамыс, тал өседі. Көлдің солтүстік бөлігіне екі бұлақ құяды. Су жиналатын алабының 50%- ы жыртылған. Суы тұзды, кермек, құрамында: йод, фтор, бром және бор көп кездеседі. Көлдің жағалау бөлігі лайлы.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.