From Wikipedia, the free encyclopedia
Шора Шамғалиұлы Сарыбаев (2 наурыз 1925 жылы, Ташкент — 2 мамыр 2018 жылы, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1985). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.[1]
Шора Шамғалиұлы Сарыбаев | ||||||
Туған күні | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері | ||||||
Қайтыс болған күні | ||||||
Қайтыс болған жері | ||||||
Азаматтығы | ||||||
Ғылыми аясы |
диалектология, лексикология, Тіл білімі тарихы, Библиография, Түркология | |||||
Ғылыми дәрежесі |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы, профессор | |||||
Альма-матер | ||||||
Марапаттары |
|
Байұлы тайпасының Байбақты руының Бұғанай бөлімінен шыққан.[2]
ҚазМУ-ды (1950), оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1954 — 95 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі (1954 — 60, 1967 — 95), институт директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы институттың бас ғылыми қызметкері. Ғылыми-зерттеу еңбектері диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғылыми мақалалар мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. Сарыбаев профессор Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1966), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” (1969), “Жаңа атаулар сөздігін” (1992) құрастырушылардың бірі. “Қазақтың аймақтық лексикографиясы” (1976) монографиясы — түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. Сарыбаев “Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші” атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол “Түркітану әдебиетінің библиографиясын” (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 кандидаттық, докторлық диссертацияларының библиографиялық көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 ж. АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықар. конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. 2018 жылдың 2 мамырында 94 жасына қараған шағында дүниеден озды.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.