From Wikipedia, the free encyclopedia
Сами Насери (фр. Samy Naceri; 1961 жылдың екінші шілдесінде , Париж, Франция) — алжир тұқымды француз актері, көбінесе "Такси" және оның жалғастарындағы басты ролі үшін танымал. Биби Насеридің кіші інісі.
Сами Насери | |
Samy Naceri | |
Сами Насери 2000 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Саид Насери |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1989 — қазіргі уақытқа шейін |
Марапаттары |
Канн фестивалінде "Патриоты" фильмі үшін күміс жүлде алған |
IMDb |
Париждің 6 округында туған, анасы Жаклин - Нормандиядан шыққан француз әйелі, әкесі Джилали — кабилдық алжирлық, Алжирден егемендік алмай тұрып қоныс аударған. Сами Насери Сен-Мартен көшесіндегі шағын үйде 6 ағалары мен қарындастарымен тұрған, олардың бірі Ларби (Биби) Насериде актер болды. Кейін оның жанұясы париждық қала маңайы Фонтене-су-Буа жаққа көшіп кетті.
Насери мектепті 16 жасында тастап, келесі жылдарды кездейсоқ ақша табуға кірісті. Маргиналды өмір сүріп, 18 жасында есірткі пайдалана бастайды. 1984 жылы ұрлық үшін 5-жыл түрмеге кесіледі (түрмеде 4 жыл өткізеді).
Бірнеше жыл бойы сахнада өз орнын табуға тырысады, бірақ оның күші тек массовкаларда түсуге келді. Осы кезде өз атын Саидтан Самиге ауыстыру туралы шешім қабылдады[1].
Режиссёр Томас Гилоу оған бірінші нағыз шанс берді - «Рай» фильміндегі Нордин ролі. Насери сыншыларда жақсы әсер қалдырып, Париждегң Локарно халықаралық кинофестивалінде екі сыйлық алады.
Режиссер және продюсер Люк Бессонмен кездескен соң Насери мансабы кенеттен жақсарады. Олар "Леон " (1994) фильмінің түсіруілінде кездеседі, жас актер фильм сонындағы дулығадағы полицейлік ролін ойнаған. Олар бірнеше жылдан кейін IAM группасының Nés sous la même étoile (Бір жұлдыз астында туылдық) клипін түсіргенде кездеседі.
Өзінің фильмінде Бессон Самиге Даниэль ролін береді, ол Марсельдегі күшті машиналарды және құтырған жылдамдықтарды ұнататын жас таксист ролі еді[1]. Сыншылардың суық пікірлеріне қарамастан, "Такси" (1998) коммерциялық жағынан жемісті болады. Осыдан кейін продюсерлер фильмнің жалғаысн түсіреді: «Такси 2» (2000), «Такси 3» (2003) және «Такси 4» (2007), таксист өзінің еркіне қарсы үкіметке көмектесе бастайды.
2000 жылдан бастап жиі-жиі соттық еептемелерде әр-түрлі бұзақылықтары үшін кездеседі. Олары үшін бірнеше рет түрмеде болған.
2006 жылы «Патриоты» фильміндегі үздік еркек ролі үшін Канн фестивалінде марапат алады (осы фильмнің басқа актерларымен бірге).
Сами Насериде 1995 жылы туған Джулиан атты баласы бар. Қазіргі кезде Мари Гийяр акстрисаға үйленген.
Насери заң бұзуға құштарлығы үшін белгілі. Ол жасаған жарақаттары, жәбірлеу, көлікті мас күйінде айдағаны үшін бірнеше рет жазаланған.
2003 жылы Насери жолда көлікті агрессивті түрде айдап, басқа көліктін жүргүзушісін сабағаны үшін ұсталады. Бұл үшін шартты түрде 8 айға түрмеге кесіледі және 5000 еуро айып төлейді, жүргізуші куәләгі 3 жылға тартылып алынады. Келесі инцидент 2005 жылдың қарашасында болады: Сами мейрамханада Von Dutch фирмасының стилистін ұрып-соғады, бұл қылығы үшін 2 ай түрмеде отырады.
Келесі әйгілі заң бұзушылығы 2007 жылдың ақпанында болады[2]. Түнгі клубтың күзетшісіне қастық еткені үшін, 9 ай түрмеге кесіледі, 6 айы шартты түрде. Және актерге 3 жылдық сынақ мерзімі тағайындалады, міндетті емделу курстарға қатысады.
2009 жылдың қаңтарында Насери тағы да қамауға алынады: бұл кезде пышақ жарасын тудырғаны үшін[3][4].
2011 жылдың 31 маусымында актер сынақ мерзімнен өте алмай 16 айға абақтыға жабылады[5].
6 шілдеде суицид жасауға тырысқаны үшін түрменің емханасына түсіп, психиатриялық бөлімге жатқызылады.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Samy Naceri |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.