From Wikipedia, the free encyclopedia
Кабилдер (араб. кабиль – тайпа) — Алжирдің солтүстігіндегі бербер халқы. Олар негізінен Алжир қаласының шығысындағы Джурджура мен Бабор тауларында тұрады. 2,9 млн адам. (2007, бағалау). Олар сондай-ақ Бельгияда (50 мың адам), Ұлыбританияда (3 мыңнан астам адам) тұрады. Жалпы саны 4 миллион, кейбір деректерде 6 млн. адам.[1]
Кабилдер | |
qaba’il | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
4-6 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Алжир |
2,9 млн. |
Бельгия |
50 000 |
Ұлыбритания |
3 000 |
Тілдері | |
кабил тілі, бербер тілі | |
Діні | |
Кабил этникалық тобы афро-азиялық отбасынан шыққан кабил, бербер тілінде сөйлейді. Екінші және үшінші тіл ретінде көптеген адамдар Алжир араб, француз және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Тарихының алғашқы ғасырларында қабилалар тифинаг жазу жүйесін қолданған. 19 ғасырдың басынан бастап Францияның ықпалымен олар латын әліпбиін қолдана бастады. Ол қазіргі бербер латын әліпбиінің негізі болып табылады.[2]
Кабилдер ислам дінінің суннит тармағын ұстанады, католиктер бар.[3]
Кабилдер – Солтүстік Африканың ежелгі тұрғындары. Кабилдердің кейбір бөлігі араб жаулап алушыларымен күресте өз тілі мен мәдениетін сақтап қалған. Кабилдер 19 ғасырда Алжир халқының француз отаршыларына қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысқан.[4].[5].
Дәстүрлі шаруашылық – бау-бақша (зәйтүн және інжір ағаштарын өсіру) және дәнді дақылдарды өсіру (қатты бидай, арпа), қосалқы кәсіп ретінде мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысады. Қой мен ешкі, сиыр ұстайды. Жердің жетіспеушілігі таулық-кабилдерді қалаларға және шетелдерге (көпестер, шенеуніктер, жұмысшылар, зиялы қауымның бір бөлігі) кетуге мәжбүр етті. Кабилдердің бір бөлігі қазір өнеркәсіпте жұмыс істейді, сондай-ақ, ірі жер иелерінің плантациясында жалданып еңбек етеді.[6]
Отбасы үлкен, патриархалды. Тахаррубт - бірнеше отбасының бірлестігі, олардың мүшелері өздерін бір ата-бабадан 4-5-ші ұрпақта пайда болған деп санайды. Бірнеше тахаррубт адрумды құрайды, бірнеше адрумдар — ауылды мекендейтін таддарт тобын құрады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында ауылдардағы жерлер үлкен отбасылардың бөлінбейтін меншігі болып саналды. ХХ ғасырдың ортасынан бастап отбасылық жерлердің бөлінуі жиі кездеседі.
Дәстүрлі ауылдары - бұл бітеу қабырғалары бар, кіреберістері және ауылға кіретін қақпалары бар жақын орналасқан үйлер тобы. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштен, тастан қаланған шатырсыз болып келеді. Үйлердің шағын аулалары бар. Ауылда әдетте екі көше бар, ішкі көше әйелдерге арналған, сыртқысы ерлерге арналған. Әдетте әр ауыл таудың басында орналасады.
Ер адамдар еуропалық киіммен бірге бурнус, әйелдер иығында қамыты бар көйлектер (хубба, тахуббат) киеді.[7]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.