From Wikipedia, the free encyclopedia
Салаубас, шөпшай [1] (лат. Helichrysum) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның жазық, тастақты жерлерінде, құм топырақты қуаң далаларында және теңіз деңгейінен 600 — 2500 м биіктікте өсетін 2 түрі: құм салаубасы (Helіchrysum arenarіum) және Самарқан салаубасы (Helіchrysum maracandіcum) бар. Бұлардың биіктігі 15 — 50 см. Ағаш тамырлы өсімдіктің бірнеше сабағы болады. Тамырына жақын орналасқан жапырақтары ұзынша, жұмыртқа пішіндес сопақ, ал жоғарғылары қияқ тәрізді, бүтін жиекті болады. Өсімдіктің сыртын түгелдей түк жапқандықтан сұрғылт болып көрінеді. Сары не қызғылт-сары түсті ұсақ гүлдері шар тәрізді, жеке-жеке өсіп, себет гүлшоғырына топталған. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, шілде — қазанда жемісі піседі. Жемісі — тұқымша. Салаубастың құрамында флавондар, флавон глюкозидтері, эфир майы, стеарин қосындылары, илік және бояғыш заттар, шайыр мен каротин бар. Салаубастың гүлдері халық медицинасында ертеден дәрілік мақсатта қолданылып келеді. Оны шетенмен, шайқураймен, күнбағар гүлімен, жүгерімен қосып, бауыр және өт жолдарының ауруларын (холециститті) емдейді, асқазан қышқылы азайған жағдайда ішеді. Сондай-ақ, салаубастың гүлін кептіріп, гүлшоғын (букет) жасайды, олардың гүлі ұзақ уақыт солмай, жақсы сақталады. [2] [3]
Салаубас | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
құм салаубасы
| ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
600 түрі белгілі |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.