Remove ads
АҚШ-тың көрнекті саяси және әскери қайраткері, АҚШ-тың 32-ші президенті From Wikipedia, the free encyclopedia
Франклин Делано Рузвельт[1] (ағылш. Franklin Delano Roosevelt, 30 қаңтар 1882 жыл, Нью-Йорк штаты – 12 сәуір 1945 жыл, Уорм-Спрингс, Джорджия штаты) — ХХ ғасырдың бірінші жартысының әйгілі саясаткерлерінің бірі, АҚШ-тың 32-президенті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және Ұлы тоқырау жылдары АҚШ-ты басқарған. АҚШ-тың тарихындағы екі мерзімнен астам сайланған жалғыз президент. Германияның КСРО-ға шабуылынан кейін ол Кеңес Одағының Құрама Штаттары тарапынан қолдауға ие болатыны туралы мәлімдеме жасады.
Франклин Делано Рузвельт Franklin Delano Roosevelt | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
4 наурыз 1933 жыл — 12 сәуір 1945 жыл | ||||
Вице-президент | Джон Гарнер | |||
Ізашары | Герберт Гувер | |||
Ізбасары | Гарри Трумэн | |||
| ||||
1 қаңтар 1929 жыл — 31 желтоқсан 1932 жыл | ||||
Ізашары | Эл Смит | |||
Ізбасары | Герберт Леман | |||
| ||||
1 қаңтар 1911 жыл — 17 наурыз 1913 жыл | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | АҚШ Демократиялық партиясы | |||
Білімі | Гарвард университеті, Колумбия университеті | |||
Мамандығы | заңгер | |||
Дүниеге келуі | 30 қаңтар 1882 Гайд-парк, Нью-Йорк штаты, АҚШ | |||
Қайтыс болуы | 12 сәуір 1945 (63 жас) Уорм-Спрингс, Джорджия штаты, АҚШ | |||
Жерленді | Гайд-парк, Нью-Йорк штаты, АҚШ | |||
Әкесі | Джеймс Рузвельт | |||
Анасы | Сара Делано | |||
Жұбайы | Элеонора Рузвельт | |||
Балалары | Джеймс, Франклин, Элиот, Франклин Делано, Джон, Энн | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
1904 жылы Гарвард университетін, 1907 жылы Колумбия университетін бітіріп, заңгер мамандығын алған.
1910 жылы Демократиялық партиядан Нью-Йорк штатының сенатына сайланды. 1912 жылы қайта сайланды. 1913-20 жылдары АҚШ Теңіз істері министрінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1928 жылы Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды.
1930 жылы қайта сайланып, дағдарыс кезінде күйзелген халыққа мемлекет тарапынан көмек беру жүйесін құрады. 1932 жылдан бастап президенттік сайлауларда қатарынан төрт мәрте жеңіске жетеді. Демократтар мен Рузвельттің елді дағдарыстан шығару бағдарламасы «жаңа бағыт» деп атанды. Бұл бағдарлама мемлекеттің қаржы, экономика-әлеуметтік саласы жан-жақты қамтылған терең жүйелі реформа болды. Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтереді, елдің сыртқы саяси ұстаным, бағдарларына да өзгерістер енгізіледі.
1933 жылдың қарашасында АҚШ пен КСРО арасында дипломаттық қатынас орнап, келіссөздер жасалады. АҚШ-тың Гитлерге қарсы одаққа қатысуы Рузвельт есімімен тығыз байланысты. Рузвельт АҚШ-тың Латын Америкасы елдеріне көзқарасын өзгертіп, 1933 жылы «Тату көрші» саясатын жариялайды да, Гаитиден АҚШ әскерлерін қайтарып алады.
1930 жылдары фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясат жүргізуі және соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Еуропаға қатысты саясатта Рузвельт пен оның пікірлестері Батыс Еуропаның демократиялық мемлекеттерімен, оның ішінде Англиямен, жақындасу қажет деген ойда болды. Алайда АҚШ бейтарап саясат ұстануға ұмтылды. 1935 жылы конгресс бейтараптылық туралы заң қабылдайды.
Америкалықтар өз тарихында тұңғыш және соңғы рет 1940 жылы Рузвельтті үшінші рет президент етіп сайлайды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Рузвельт әкімшілігі конгресстен бейтараптылық туралы заңды жоюға және Англия мен Францияға әскери жабдықтар беруге мүмкіншілік алды. 1941 жылы 11 наурызда ленд-лиз туралы заң қабылданады. Бұл заң фашистік басқыншылыққа қарсы күрес жүргізіп жатқан елдерге құрал-жабдықтарды жалға беруге рұқсат ететін заң болатын. 1943 жылы қаңтарда Касабланкада өткен конференцияда Рузвельт Германияның, Италия және Жапонияның «сөзсіз тізе бүккеніне» дейін соғысатынын мәлімдеді. Үш ұлы держава: КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшылары Тегеранда (1943 жылы 28 қарашада ) және Қырымда (1945 жылы ақпан ) өткен конференциялар шешімдеріне қол қойды. 1944 жылы дүниежүзілік соғыстың болып жатқандығына байланысты 4-рет президент болып сайланған кезде Рузвельт соғыстан кейін Ұлы державалардың ынтымағын нығайту жөнінде пікір ұсынды.
Рузвельт мемлекет қайраткері және дипломат ретінде АҚШ саясатының соғыстан кейінгі қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосып, 20-шы саясаткер ретінде тарихта қалды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.