From Wikipedia, the free encyclopedia
Риян тұқымдасы (лат. Rubiaceae) – қос жарнақты бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар мен бұталар.
Рияндар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Luculia gratissima
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Үлгілік тегі | ||||||||||||
Rubia L. | ||||||||||||
Кіші тұқымдастары | ||||||||||||
|
Жер шарында кең тараған, негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін 500-ге жуық туысы, 6500-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда тастақты жерлерде, альпі және субальпілік шалғындарда, қылқан және жалпақ жапырақты ормандардағы бұталардың арасында, өзендер мен арықтардың жағасында, құмды жерлерде өсетін 7 туысы (бояушөп, бидайбас, лептунис, қызылбояу, микрофиза, риян, қайқықанат), 51 түрі бар.
Жапырақтары бүтін жиекті немесе ара тісті, қарама-қарсы орналасады. Гүлі көбінесе қосжынысты, ұсақ, топтанып, кейде жеке жетіледі. Тостағанша жапырақшалары 4 — 5 бөлікке тілімденген ара тісті, көбінесе көрінбейді, күлтесі күлте жапырақшаларымен бірігіп кеткен. Аталығының саны күлте қалақшасының санымен бірдей болады. Маусым — қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. Жемісі — қауашақ не қос жаңғақша, кейбіреулерінде жидек түрінде болады. Риян тұқымдасының жемісі тағам ретінде пайдаланылады; дәрілер (хинин ағашы, ипекакуана, т.б.); бояу алынады (риян, моринда, т.б.); әсемдік үшін өсіріледі (гардения, бувардия, т.б.) және илік заттар алынады (гамбир).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.