Реликт шағала
From Wikipedia, the free encyclopedia
Реликт шағала, қара мойнақ шағала (лат. Ichthyaetus relictus) — татреңтәрізділер отрядына, шағалалар тұқымдасына жататын құс.

Дене мөлшері қарғадай, ақ түсті, тұмсығы қошқыл, көзінің айналасы ақ шеңбермен қоршалған. Реликт шағала — жыл құсы. Қазақстанға сәуірдің басында ұшып келеді. Шоғырласып ұя салады. Жыныстық жағынан 2 — 3 жасында жетіледі. Аналығы ұяға 1 — 4 жұмыртқа салып, оны 24 — 26 күнде басып шығарады. Балапандар 40 — 45 күнде қанаттанып, ұядан ұшады. Жәндіктермен қоректенеді, әсіресе масаларды жақсы жейді. Тамыздың басында қыстау үшін Оңт.-Шығыс Азияға ұшып кетеді. Реликт шағаланың тіршілігі аз зерттелген, себебі, осы күнге дейін олардың тұрақты ұялаған екі жері — Барун-Торей көлі (Забайкалье) мен Алакөл (Шығыс Қазақстан) ғана белгілі. Соңғы кезде ара-тұра Балқаш к. маңында ұшырасып қалады. 1976 — 94 ж. Р. ш-ның жалғыз қоразы Алматы хайуанаттар бағында ұсталды.
1991 ж. көл шағаласымен будандастырылып алынған будан хайуанаттар паркінде тіршілік етуде. Реликт шағала — өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құс болғандықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 1971 ж. Реликт шағаланың ұялайтын орны — Алакөлде “Реликт шағала” орнитол. қорықшасы ұйымдастырылды.[1][2]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.