From Wikipedia, the free encyclopedia
Пәуен Жүсіпбаев (1895, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл - 1977) - Баянауылдық алғашқы мұғалімдердің бірі.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан[1]. 1920 жылы Баянауылда құрылған мәдени-ағарту ұйымының төрағасы Қаныш Сәтбаев, ал жауапты хатшысы Жүсіпбаев болған. 1920 жылдың күзінде келесі жылы автономикалық республика тойын бүкіл халықтық мереке ретінде Баянауылда да еткізу үшін арнайы комиссия құрылады. Осы комиссияны Сәтбаев басқарады да, оның хатшылығына Жүсіпбаев сайланады. Екеуінің ақылдасып кеңесуімен әрі комиисия шешімімен тойдың мәдени ойын-сауығына Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Майра Уәлиқызы мен Иса Байзақов, сонымен қатар Жаяу Мұса және Мәшһүр Жүсіп шақырылған. Кейін Сәтбаев Томск қаласына оқуға кеткенде, жастардың мәдени-ағарту ұйымын басқару ісі Жүсіпбаевқа жүктеледі. Жүсіпбаев осымен қатар ауылдағы қат-қабат жұмыстарға белсене қатысып, елді игілікті іске жұмылдыра білді. Ол 1937 жылы «қызыл қыртында» зардап шегіп, Сібір сапарынан еліне аман-есен оралған. 1959 жылдың шілде айында Баянауылға келген соңғы сапарында Сәтбаев ең алдымен Жүсіпбаевты іздеген, онымен кездескен.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.