Протекционизм
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Протекционизм (франц. protectionnisme, латын. protectio - бүркеу, қорғау, қамқорлық жасау) - қолдампаздық - мемлекеттің ұлттық экономиканы шетелдік бәсекеден қорғау жолымен оның дамуына жәрдемдесетін экономикалық саясаты.
Елге әкелінетін тауарларға кеден бажын енгізу, белгілі бір тауарлардың әкелімін шектеу немесе толық тыйым салу, ұлттық өнеркәсіпке демеу қаржы бөлу, тауарлар экспортын ынталандыру, басқа да бірқатар шараларды қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Tap мағынада Протекционизм дегеніміз шетелде шығарылған тауарлардың ішкі нарыққа кіруін шектеу немесе оған жол бермеу мақсатымен жүргізілетін кеден саясаты.
Кең мағынада Протекционизм дегеніміз ұлттық өндірушілердің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ ұлттық өндірісті көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Кеден саясаты осы жүйенің бір бөлігі ғана.
Протекционизмды жекелеген мемлекеттер немесе олардың экономикалық бірлестіктері жүзеге асырады (мысалы, Еуропа одағы ауыл шаруашылық өнімдерін шеттен әкелу кезінде үшінші елдерге Протекционизм саясатын қолданады). Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бəсекелестерден қорғау саясаты. Протекционизм капиталдың алғашқы қорлануы кезінде (ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ) пайда болды. Оның теориялық негізін меркантилистер құрды жəне бас кезінде Францияда кең таралды. Ресейге Петр І-нің билік еткен кезеңінде келді. Протекционистік саясатты жақтаушылардың агрументтері: 1. Протекционизм ұлттық ресурстарды пайдалану деңгейін көтереді. 2. Протекционизм импорттық салықтарды қолданып, экономикалық тиімділікті арттырады. 3. Протекционизм өзінің экономикалық дамуына келеңсіз жағд айларға ұшыраған салаларды көтеруге мүмкіндік береді. 4. Протекционизм тек өте үстіртін жағдайларда (төлем балансы тапшылығы, ұлттық экономиканы шетелдік субъектілердің бəсекесінен қорғау үшін) қолданылады. Сондай-ақ, протекционизмді жақтаушылар оның əлеуметтікэкономикалық артықшылықтарын атап көрсетеді: - протекционизм елдердің қауіпсіздік қабілетін ұстауға жағдайлар жасайды. Əр ел өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қажетті страт егиялық маңызды салалардың (ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркəсібі, металлургия жəне т.б.) дамуын қамтамасыз етуі қажет; - протекционизм өмір сүру деңгейі мен сапасы төмен елдерді дамыған елдерден қорғау үшін қажет; - протекционистік саясат кейбір əлеуметтік топтар мен экономикалық қызметтерді (крестьяндық, ұлттық қолөнерді) сақтап қалуға мүмкіндік береді.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.