From Wikipedia, the free encyclopedia
Пойыз — бір немесе бірнеше локомотивке тіркелген вагондар тізбегінен құралған темір жолдағы жылжымалы құрамның жалпы атауы. Пойыздар тасымал түріне қарай жүк және жолаушылар пойызы болып бөлінеді. Олар жолға шығу ретіне қарай кезексіз түрде және өз кезегімен жолға шығатын пойыздар болып та бөлінеді. Кезексіз түрде жолға шығатын Пойыздарға өрт сөндіруші, қар тазалаушы, жол жөндеуші Пойыздар жатады. Ал өз кезегімен жолға шығатын Пойыздарға жүру кестесі бойынша жүретін жолаушы және жүк Пойыздары, пошта Пойызы мен шаруашылық Пойыздары жатады.
Жолаушылар Пойыздары жолаушыларға қажет тұтыну заттары мен тұрмыстық қажетті нәрселермен жабдықталған. Бұл Пойыздарда жолаушылар бірнеше күн үздіксіз сапар шеге алады. Жолаушылар Пойыздарында әр вагонда жолсеріктер, Пойыздың бастығы болады. Жолаушылар Пойызы қозғалыс кестесіне сай стансаларға тоқтап отырады. ҚР-ның темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасына сай “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы АҚ өз қызметін жан-жақты дамытуға бағыт алды. Тасымал элементтерінің жаңа түрлері алынып, жаңа пойыздар жасақталуда. Мысалы, “Алматы — Астана” бағыты бойынша Испанияның “Patetg Talgo” фирмасы шығарған вагондардан жасақталған “Тұлпар” пойызы қатынайды. Ол Алматыдан Астанаға дейінгі жолды 13 сағат ішінде жүріп өтеді. Темір жолдың кейбір бөліктерінде бұл пойыздың жылдамдығын 160 км/сағ-пен жүруі көзделген. Қазақстанда бүгінгі күні барлығы 1913 локомотив, оның ішінде 617 электровоз, 1242 тепловоз, 54 паровоз бар. Жолаушылар вагондарының жалпы саны — 2094. Жүк вагондарының жалпы саны — 77029, оның 13263-і — жабық вагондар, 10275-і — платформалар, 28334-і — жартылай вагондар, 10399-ы — цистерналар, 1177-сі — изотерм. вагондар, ал 13581-і — вагонның өзге де түрлеріне жатады. Темір жол арқылы елімізде 2003 ж. барлығы 202,7 млн. т жүк және 17,7 млн. жолаушы тасымалданды.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Trains |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.