Плагиоклаздар
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Плагиоклаздар (грек. plagіos — қиғаш, klasіs — сындыру) — қаңқалы құрылымды силикаттардың дала шпаттарына жататын минералдар тобы. Плагиоклаздар табиғатта өте көп тараған, көптеген тау жыныстарын түзеді. Хим. құрамына қарай дала шпаттары натрий-кальцийлі (Плагиоклаздар) және калийлі (ортоклаз, микроклин) деп аталатын екі түрге бөлінеді. Плагиоклаздар алюмосиликаттардың Na[AlSі3O8] — Ca[Al2Sі2O8] үздіксіз изоморфты қатары болып саналады. Іоспалары: K2O, BaO, SrO, FeO, Fe2O3, т.б. Бұл қатар альбит, олигоклаз, андезин, лабрадор, битовнит, анортит минералдарынан тұрады. Натрийлі альбиттен кальцийлі анортитке қарай жылжыған сайын минерал құрамындағы натрий азайып, кальций арта түседі. Плагиоклаздар құрамындағы анортитті молекуланың пайыздық мөлшеріне қарай белгілейді. Мыс., ғ72-плагиоклаз лабрадорға сәйкес, яғни 72% анортит, 28% альбиттен тұрады. Плагиоклаздарда анортит мөлшері жоғарылауына байланысты кремний қышқылы: қышқыл (ғ0 — 30), орташа (ғ30 — 50), негізді (ғ60 — 100) деп бөлінеді. Плагиоклаздар тринклиндік сингонияда кристалданып, көбіне бұрыс пішінді тығыздау кестеленген, түйірлі массалар түзеді. Түсі ақ, сұрғылт ақ, кейде жасыл, көгілдір, қызғылт реңді, шыныдай жылтыр, жымдастығы екі бағытта жетілген, сынымы бұдырлы болады. Тығыздығы 2,6 г/см3-ден (альбит) 2,7 г/см3-ге (анортит) дейін, қаттылығы 6 — 6,5, балқу t 1100oС (альбит) — 1550oС (анортит), жарықты сындыруы 1,53 — 1,58. Плагиоклаздардың басым көпшілігі магмалық тау жыныстардың кристалдануынан, біразы жапсарлық-метаморфтық, гидротермалдық процестер кезінде түзіледі. Өндірісте Плагиоклаздардың көкшіл түрлері қаптама тас ретінде қолданылады.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.