Пафнутий Львович Чебышев(04. 05. 1821, Калуга облысы., қазіргі Боровск ауданы., Окатово селосы., 26.11.1894, Петербург )- орыс математигі, Петербург ғылым академиясының академигі (1856 жылдан).
Өмірбаяны
Мәскеу университетін бітірген (1841).1847 Петербург университетінде (1850-1882ж. оның профессоры) сабақ берді. 1849 ж. салыстырулар теориясынан докторлық диссертация қорғады.
Еңбектері мен зерттеулері
Ықтималдықтар теориясында үлкен сандар заңын жалпы түрде дәлелдеп берді, шектік теоремалардың моменттер тәсілі деп аталатын жаңа дәлелдеу әдісін ұсынды, кездейсоқ шамалар ұғымдарын жүйеге келтіріп, олардың күрделі түрлерін зерттеді. Сандар теориясында жай сандардың натурал сандар ішінде таралу проблемасын шешуде ірі жетістікке жетті, квадраттық форма мен диофанттық жуықтаулар теорияларын дамытты. Математикалық анализде интегралдық есептеулермен ортогональ көпмүшеліектердің жалпы теориясының бірқатар маңызды мәселелерін шешті. Функциялардың конструктивті теориясының негізін жасады. Машиналар мен механизмдер теориясында да елеулі табысқа жетті. Чебышев- көптеген шетел ғылым академиясының мүшесі.
Қолданылған әдебиет
- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 100 бет
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.