Осциллограф (лат. oscillo — тербелетін және гр. grapho — жазамын)
- 1. қандай да бір мерзімдік процестерді жазуға арналған құрал;
- 2. екі электрлік шаманың арасындағы тәуелділікті білдіретін қисықты бақылауға және жазуға арналған электр өлшеуші құрал.[1]
- 3. электрлік немесе жарықтық сигналға айналған, уақыт сайын өзгермелі күштік және кинематикалық айқындауыштарын (параметрлерін) бақылауға және жазып отыруға арналған аспап.[2]
- 4. уақытқа байланысты электр тогының немесе кернеуінің өзгерісін көзбен бақылауға немесе жазуға арналған, сонымен қатар әртүрлі электрлік шамаларды: кернеуді, ток күшін, ток жиілігін, фазалар ығысуын, импульстардың ұзақтылығын және қайталау жиіліктерін және т.б. өлшеуге арналған аспап. Электрлік емес шамаларды электрлік шамаларға түрлендіре отырып, тез өзгеріп отыратын физикалық процестерді: қысымды, температураны, үдеуді, жылдамдықты, айналу жиілікті және т.б. Осциллограф көмегімен тіркеуге және бақылауға болады. Жұмыс істеу принципі бойынша Осциллограф жарық сәулелі және электронды сәулелі боп бөлінеді.[3]
Осциллографты түтік
Осциллографты түтік - электрлік сигналдарды көрінетін графиктік көріністерге түрлендіретін электрон сәулелі түтік. Қабылдайтын сигналдардың сипатына қарай және оларды экранда көрсету ерекшеліктеріне қарай о.т. төменгі жиілікті, кең жолақты (жоғары және аса жоғары жиілікті) жоғары Вольтті, жадқа сақтаушы, көпсәулелі, сәулесі радиалды ауытқитын болып бөлінеді.
Осциллоскоп
Осциллоскоп (лат. oscillo — тербелемін және гр. skop'o — қараймын) — бүл да осциллограф. Лезде өзгеріп түратын электрлік процестерді көзбен байқауға арналған жағдайда айтылатын термин.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.