Орфография (лат. orthographia, грек ὀρθός – дұрыс, γράφειν – жазу) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:

  • фонематикалық,
  • фонетикалық,
  • тарихи-дәстүрлі,
  • айырым принциптеріне негізделеді.
Thumb

Фонематикалық қағида

Фонематикалық қағида көп жағдайда морфологиялық қағидаға сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.

  • Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).

Фонетикалық қағида

Фонетикалық қағида бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық қағидақа негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.).

Тарихи-дәстүрлі қағида

Тарихи-дәстүрлі қағида жазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл қағида сирек қолданылады.

Айырым қағидасы

Айырым қағидасы бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.

  • Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.[1][2][3][4][5][6]

Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі қағида басшалаққа алынады олар:

  1. Морфологиялық қағида-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу қағидасы.

Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай (кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

  1. Фонетикалық қағида-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу қағидасы.

Мысалы: тарағы (тарақы емес), Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.