From Wikipedia, the free encyclopedia
Орман жадырақ (лат. Anthus trivialis) - Торғайтәрізділер отрядына жататын жадырақтар туысының ең әйгілі типтік өкілі.
Орман жадырақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Anthus trivialis (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Көбейетін жерлері A. t. haringtoni breeding ұшып-өтетін жерлері Қыстайтын жерлері |
Дене салмағы 18-25 г. орман жадырағының қоңырқай сұр реңі денені бойлай созылған қоқшыл сызықшалардың қоюлығынан басқа жадырақтардан гөрі қаралтым болып көрінеді. Айқын алабажақтың әсіресе төсінен және бөтегесінен байқалады. Орман жадырақ уақыттың көпшілігін жерде өткізіп, қалың шөптің арасына лып етіп кіріп, тез және ептілікпен бунақденелілерді аулайды.
Ол әрқашан дерлік ағашқа қонып сайрайды, оның үстіне ерекше құсойнақ жасап ұшады. Ондайда бір ағаштың басынан екіншісіне ұшып, қатты әуенмен жоғарылаған сайын жоғарылай түседі де, қанатын жайып, құйрығын қайырып көтереді. Бұдан соң "уи-уи-уи-уи"-деп айқайлап, көлбей ұшқан бойда қалықтайды да, бұрын ұшып кеткен биіктіктен төменірек екінші ағашқа немесе бұтаға қонады. Орман жадырағының бүлк - бүлк еткен көп дыбысты әуені Қазақстанда кездесетін жадырақтардың бүкіл түрлерінің ішіндегі ең әдемісі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.