Нәлім
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нәлім (лат. Lota lota) — трескатәрізділер отрядына жататын балық.
Burbot | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Lota lota (Linnaeus, 1758) |
Қазақстанда Ертіс өзені су алабы мен Жайық өзенінің жоғарғы ағысында кездеседі. Дене тұрқы 30 см-ден 1 м-ге дейін, салмағы 10 – 12 кг (32 кг болатын Нәлім де ұсталған). Денесі ұзынша, 2 арқа жүзу қанаты, жалғыз құйрық асты (аналь) қанаты, иегінің астында дара мұртшасы бар. Қанаттарында тікенекті талшықтары болмайды. Жыныстық жағынан 1 – 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (орташа есеппен 300 – 400 мыңдай) қыста (су температурасы 0С шамасында) батпақты және тасты жерлерге шашады. Қорегі әр түрлі (эврифагтар), ересектері тек балықтармен (алабұға, таутан, торта, т.б.) қоректенеді.[1][2]
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.