Нұратау (өзб. Nurota tog‘lari, Нурота тоғлари) — Өзбекстандағы тау жотасы, Ысар-Алай жүйесіндегі батыс сілемдерінің бірі. Оңтүстікте Қызылқұм шөлімен шектеседі. Шығысында Малғұзар жотасынан терең Темірлан қақпасы шатқалы бөліп тұр.

Quick Facts Сипаттамасы, Ұзындығы ...
Нұратау
өзб. Nurota tog‘lari
Thumb
Солтүстік Нұратау жотасы, Сапсай өзені аңғары
Сипаттамасы
Ұзындығы

170 км

Ең биік шыңы

Хаятбашы

Биіктігі

2169,5 м

Орналасуы

40°30′00″ с. е. 66°40′00″ ш. б.40.50000° с. е. 66.66667° ш. б. / 40.50000; 66.66667 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Өзбекстан

Thumb
Нұратау
Ортаққордағы санаты
Close

Жотаның ұзындығы 170 км. Ең биік нүктесі – Хаятбашы тауы (2169,5 м). Жота негізінен құмтастардан, әктастардан және жанартаулық жыныстардан тұрады. Қырқасы тегіс; солтүстік беткейі тік құламалы және жартасты, оңтүстік беткейі жайпауыт, ұсақ өзендер аңғарларымен бөлінген. Қырқасы таулы дала, беткейі бұталы-дала ландшафтты болып келеді. Оңтүстік беткейінің аңғарларында бақтары, бақшалары, суармалы егістік алқаптары бар шұраттар орналасқан.

Нұратау тауларының төменгі бөлігінде жаз құрғақ және ыстық, ал қысы соншалықты суық емес. Беткейлері мен төбелердегі климаты салқын, жауын-шашын көп түседі. Жылдық орташа температурасы 13,4-14,4°, қаңтарда -0,6° -2,3°, шілдеде 15°-25,4°. Ең жоғары температура тау етегінде 46°-47°, ең төменгі температурасы -29°, -30°. Жылдық жауын-шашын мөлшері — 251-452 мм, қар жамылғысының қалыңдығы — 15-30 см. Желдің орташа жылдамдығы — 2,0-3,2 м/с, кейде 28 м/с жетеді.

Нұратау тауларында сұр топырақтар, 1600–1700 м биіктікте қоңыр сұр топырақтар жиі кездеседі. Тау етегінде және 1600 м-ге дейінгі биіктікте эфемерлер мен эфемероидтар өседі. Бұталар мен ағаштарда бадам, грек жаңғағы, наматак, үшқат, долана т.б. бар. Аршазорлар төбелерде кездеседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, сарышұнақтар, қоян, тау текелері, борсық, жылан, кекілік, бұлдырықтар және т.б. мекендейді. 1975 жылы құрылған «Нұрота тау жаңғағы» мемлекеттік табиғи қорығы ондағы тау ландшафты мен өсімдіктерін (жаңғақ, алма, шие, тұт), жануарларды (муфлон, қабан, түлкі, жайралар, кекілік, бүркіт, жыландар) қорғайды. Нұратау жайылым ретінде пайдаланылады. Бұлақтарының аңғарларында бақша, бау-бақшамен айналысады. Тау беткейлеріне бидай, арпа және басқа да дақылдар егіледі.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.