Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.[2]
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.
Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".
1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.
Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.
Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.[3]
Қазір нанотехнологиялар (грек. nannos - ергежей, нано - метрдің миллиардтан бір бөлігі) дәуіріне еніп бара жатырмыз. Бұл атом бөлігі дәрежесіндегі технологиялар. Нанотехнологияларды қолдана отырып, адам өнеркәсіпте, медицинада, энергетикада және т.б. затпен емес, оның ұсақ бөліктерімен жұмыс істейді.
Адам- табиғаттың құрамдас бөлігі, табиғаь пен адамды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, оларды бірлікте, тұтастықта қарастыру керек. Бірақ ой-сана мен табиғат, адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтар болмауы мүмкін емес. Оларды шешу жолдарын іздеу түсінігі келді, өйткені бұл қарама-қайшылықтар адамзатты бір күні апатқа алып келуі мүмкін. Жаратылыстану ғылымдарының, техника, технологиялары зор жетістікке жеткен біздің заманымызда адамгершілік бастауларын жетілдіру, жаңа әлемдік құқықтық тәртіп орнату идеялары туындады. Жаңа құқықтық тәртіп пен адамзат қоғамының жаңа моральдік негізі - бүкіл адамзат өркениетінің әрі қарайғы дамуының қажетті шарты.
Адамның табиғатқа ықпалы бірқатар өзгерістерге алып келді:
Экологтер "ноосфера" терминін қолдана отырып, әлемнің көптеген ғалымдар еңбектерінде биосфераның мақсатты дамуына қажетті шешімді талап ететін мәселелер кешенін айтады.
Өзінің болашақ дамуын қамтамасыз етіп, ноосфера дәуіріне ену үшін адамзатқа өз әрекетін экологиялық қажеттілік шарттарын бұзбайтындай қаілеттілікті иелену керек.
Бұл талаптар өндірістік әрекет пен қоғамдық ұйымдардың небір формаларына қатысты болуы мүмкін. Оларға әлемдік ұйымның әлеуметтік-саяси құрылымы түсінігі де жатады.
Егемендік жылдарында ноосфераның зерттелуі мен дамытылуы үшін Қазақстанда биологиялық көзқарас тұрғысынан, мәдени-эстетикалық, рухани-адамгершілік, әсіресе әлемдік қоғамдастықтың әлеуметтік-саяси құрылымында көп жұмыстар атқарылды.
1991 жылы 23 тамыз Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен атомдық сынақтар тоқтатылып, Курчатов қаласындағы жұмыстар тоқырады. Семей ядролық полигонының жабылуы және ядролық қарудан ерікті түрінде бас тарту Вернадскийдің "Адам өзіне берілген күшті өзін құртуға емес, жақсылыққа бағыттап қолдана алады ма?" деген сөзі атомды саналы қолдану туралы сақтандыруымен үндес болып тұр.
2016 жылы 28 маусымда Қазақстан 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етті.
Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан бері елімізде әлемдік діни концсессиялары лидерлерінің съездері мен форумдары өткізілуде.
2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін Нұр-Сұлтан қаласында "ЭКСПО-2017:Болашақ энергиясы" халықаралық көрмесі өтті. Көрмеде энергия көздері және "жасыл экономиканы" өмірге енгізу жолдарын көрсету мақсат етілген.
Елордамызда жасыл технологиялар мен БҰҰ қамқорлығы аясында Инвестициялық жобалар орталығын құру бастама алды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.