Наурызбай ауданы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Наурызбай ауданыАлматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы 2 шілде күні құрылды.[3]

Quick Facts Әкімшілігі, Қаласы ...
Remove ads

Наурызбай батыр ауданына Әуезов, Бостандық аудандарының бір бөлігі және Қарасай ауданының елді мекендер енді. Бұл - 6 976 гектар жер. Аудан халқының саны - 157 мың адам.[4]

Осылайша, Наурызбай ауданының аумағы 6 967 га құрамына келесі елді мекендер: Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алты Алаш. Сонымен қатар, Әуезов ауданының құрамында болған Қалқаман-1, Қалқаман-2 "және" Қалқаман-3 шағын аудандары Наурызбай ауданына кірді.[5]

Аудан аумағында алдын ала деректер бойынша ресімделуі:

  • 590 шаруа қожалығы жалпы аумағы 2 133 га;
  • 11 528 жер учаскелерін жеке тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылықтардың, жалпы алаңы 1 741 га;
  • 3 759 саяжай учаскелерінің жалпы ауданы 314 гектар;
  • 143 жер учаскесі көп қабатты, көп пәтерлі тұрғын үй, жалпы ауданы 163 га;
  • 961 жер учаскесі жалпы көлемі 1 052 га түрлерімен нысаналы мақсатын қоса алғанда, коммерциялық пайдалану;
  • 1 565 га жерінде инфрақұрылымдық объектілері (жолдар, ЭБЖ), сондай-ақ ресімделген жер пайдаланушылар.
Remove ads

Ауданның көшелері

Әшімов көшесі — Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы "Қалқаман-2" ш.а. көше.

Бұрын бұл көшенің атауы Әуезов көшесі (Қалқаман) болған, бірақ мұндай көшесі қаланың орталық бөлігінде бар болғандықтан шатасу пайда болды. Алматы қаласының әкімдігінің және мәслихатының "28" қараша 2016 жылғы шешімімен Әшімов көшесі болып аталды[1].

Мекемелер мен ұйымдар

  • № 7 қалалық клиникалық аурухана;
  • Almaty International School шетелдіктерге арналған жекеменшік мектеп, Әшімов к., 185;
  • Иахоба куәгерлері діни бірлестігінің бас орталығы, Әшімов к., 187;
  • "Алатау" шипажайы.
  • ТК Тау Самал

Көлік

  • Автобус
  • Маршрутка

Медицина және денсаулық сақтау

  • № 7 қалалық клиникалық ауруханасы;
  • № 26 емхана, Таусамалы ш.а., Горозы к-сі 102;
  • № 27 емхана, Дәулеткерей к-сі 100 А;
  • № 36 емхана, Шұғыла ш.а. 340 А;

Әкімдері

  1. Қуаныш Қашқымбаев (07.2014 - 05.2016)
  2. Сайран Сайфеденов (05.2016 - 05.2018)
  3. Санжар Тоғай (05.2018 - 05.2023)
  4. Назира Тоғызбаева (05.2023 бастап)

Дереккөздер

Loading content...

Сілтемелер

Loading content...
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads