Нандулар (лат. Rhea) – қырсыз төсті құстардың нандутәрізділер отрядының жалғыз туысы.

Quick Facts Ғылыми топтастыруы, Species ...
Нандулар
Қазбалық ауқымы: pleistocene–present Плейстоцен to present
Thumb
Кәдімгі нанду, Rhea americana
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Ұлы сабы: Paleognathae
Сабы: Rheiformes
Тұқымдасы: Rheidae
(Bonaparte, 1849)[1]
Тегі: Rhea
(Матюрен Жак Бриссон, 1760)[1]
Species
  • Rhea americana American Rhea
  • Rhea pennata Darwin's Rhea
Close


Жоғарғы плиоцен дәуіріне тән қазба қалдықтары Бразилияда табылған. Қазір Оңтүстік Американың далалы, шөлейтті аймақтарында кездеседі. Нандулардың 2 түрі бар: кәдімгі нанду (Rhea amerіcana) және Дарвин, немесе кіші, нандуы (Pterocnemіa pennata). Бұлардың биіктігі 170 см-дей, салмағы 25 кг-дай. Аяқтары үш саусақты. Қанаттары жақсы жетілген, бірақ ұшпайды. Жақсы жүгіреді және жүзеді. Бүкіл денесін қауырсындар (онша тығыз емес) жауып тұрады. Төс сүйегінің қыры жоқ. Нандутәрізділер топтанып тіршілік етеді, полигамды, көбейер кезде жеке шағын топтарға бөлініп, онда бір қоразы, 5 – 7 мекиені болады. Бір ортақ ұяға 30-ға жуық жұмыртқа салады, оларды қоразы (35 – 40 күндей) басып шығарады. Нандутәрізділер өсімдіктердің жапырақтарымен, бүршігімен, тұқымдарымен және ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді. Еті, қауырсыны және жұмыртқасы үшін нандутәрізділер өте көп ауланған. Сондықтан саны аз. Дарвин нандуы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.