From Wikipedia, the free encyclopedia
Мәңгілік[1]— дүниенің, болмыстың, материяның шексіз өмір сүруін білдіретін философиялық категория. Діни ілімдер мен идеалистік философияда: Құдайдың, “абсолюттің”, “абсолюттік рухтың”, “идеяның”, “абсолюттік ақылдың”, “әлемдік үйлесімділіктің” шексіздік сипатын дәріптейтін ұғым. Материя уақыт жағынан да, кеңістікте өмір сүруімен де мәңгі болып есептеледі. Мәңгілік дүниенің материалды екендігін дәлелдеп, оның өзара бірлікте екенін көрсетеді. Мәңгілік материяның қалыптасып, дамуымен ғана анықталса, онда уақыт пен кеңістік арқылы шексіздік пен шетсіздік, сан мен сапа үнемі дамып, өзгереді, үздіксіз мағынасыз қозғалыс орын алады. Рухани дүние Мәңгіліктің негізін қалайды, соған мән береді. Мәңгілік өзі адамдардың рухани, материалдық байлығының өміршеңдігімен, олардың үнемі дамып, жетіліп, өркендеуімен тығыз байланысты.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.