From Wikipedia, the free encyclopedia
Медине, Мәдине (араб.: المدينة المنورة — мәдинәт ән-нәби-пайғамбар қаласы) — мұсылмандардың қасиетті қаласы. Сауд Арабиясындағы Иасриб қаласы 622 ж. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) көшіп барғаннан кейін Медине деп аталды. Қаланы ансарлар аталған (қолдаушылар) аус және хазраж тайпалары мекендеген. Олар Меккеден қоныс аударған мұсылмандарға көмек көрсетіп, Мұхаммедтің (ғ.с) пайғамбарлығын мойындап, алғашқылардың бірі болып ислам дінін қабылдады. Мұнда алғашқы мешіт салынды, Құран Кәрім аяттарының біршамасы осында түсірілді. Мединеде алғашқы жұма намазы оқылып, жалпы мұсылмандарға парыз етілді, исламдағы дәрет алу, намаз, ораза, азан, тағыда басқа парыз болған әдет-ғұрыптардың орындалу дәстүрі бекіді. Медине қаласында мұсылмандар қауымы (үмбет) нығайып, қалыптасты. Оның бір көрінісі мединелік кезеңде мұсылмандар Бадр шайқасында жеңіске жетті. Сондай-ақ 625 ж. меккеліктер Медине қаласына жақын келіп, Ухуд тауының түбінде шайқасты. Мұсылмандар үлкен шығынға ұшырағанымен, меккеліктер жеңіліп, кері шегінді. Келесі жылы болған Мединеге шабуыл да қоныс орнының шебінде тойтарылды. Мединеде Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жерленген. Мұнда қажылық парызын орындаған мұсылмандар зиярат етеді. Медине алғашқыда тас қорғанмен қоршалған, төрт қақпасы бар бекіністі қала болды. 632 — 656 ж. Араб халифатының астанасы, 10 ғасырдан Мысырда билік құрған әулеттерге тәуелді, ал түріктер Мысырды жаулап алғаннан кейін (1517) және 1919 жылға дейін Осман империясының құрамында болды. 1919 — 1924 ж. Хиджаз корольдігінің, 1924 жылдан Сауд Арабиясының құрамына кірді. Қала орталығындағы Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) үйінің орнына 656 ж. үлкен мешіт салынған (бірнеше рет қайта салынды, қазіргі нұсқасы 1853 — 1854 жылдары тұрғызылған).[1][2]
Қала | ||||||
Медине | ||||||
араб.: المدينة المنورة | ||||||
| ||||||
Әкімшілігі | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Ел | ||||||
Әкімшілік округ |
Медине | |||||
Губернаторы |
Фейсал ибн Салман Әл Сауд | |||||
Тарихы мен географиясы | ||||||
Координаттары |
24°28′ с. е. 39°36′ ш. б.24.467° с. е. 39.600° ш. б. (G) (O) (Я) | |||||
Құрылған уақыты |
Б.з.д. IX ғасыр | |||||
Бұрынғы атаулары |
Ясриб | |||||
Жер аумағы |
589 км² | |||||
Орталығының биiктігі |
608 м | |||||
Климаты |
араб тілі | |||||
Уақыт белдеуі | ||||||
Тұрғындары | ||||||
Тұрғыны |
1 152 991 адам (2017) | |||||
Конфессиялар |
мұсылмандар | |||||
Медине шекарасы
| ||||||
Ортаққордағы санаты: Медине |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.