From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұхаммед әл-Мүһтәди (араб.: محمد المهتدي; 833, Самарра — 21 маусым 870, Самарра) — Ислам халифатының 33-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
Мұхаммед әл-Мүһтәди араб.: محمد المهتدي | ||
868 жылы әл-Мүһтәдидің атымен шығарылған дирһам | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
18 маусым 869 — 21 маусым 870 | ||
(Лақап аты Әл-Мүһтәди Билләһ) | ||
Ізашары | Мұхаммед әл-Мұғтазз | |
Ізбасары | Ахмед әл-Мұғтамид | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 833 Самарра, Ислам халифаты | |
Қайтыс болуы | 21 маусым 870 Самарра, Ислам халифаты | |
Династия | Аббас әулеті | |
Әкесі | Һәрун әл-Уәсиқ | |
Анасы | Қурб немесе Уәрдә | |
өңдеу |
Түркілер әл-Мұғтаззды биліктен алыстатуға шешім шығарған соң әл-Мұғтазз сүргінге жіберген Мұхаммед әл-Мүһтәдиді Бағдатқа алып келеді. Оған халифалық ұсынылған кезде ұсыныстан бас тартып, әл-Мұғтазз бен түркілердің арасын жақындатуға тырысады. Бірақ әл-Мұғтазз оның ұсынысынан бас тартады. Нәтижеде, түркілердің тізе батыруымен биліктен алыстатылған әл-Мұғтазздың орнына Мұхаммед әл-Мүһтәди келеді.
Әл-Мүһтәди жаратылыс тұрғысынан күрескер болғандықтан түркілердің мемлекет билігіне араласуына тосқауыл болып, халифалардың саяси және діни беделін қайтару үшін барын салып, тіпті бұл жолда түркілермен қарулы қақтығыстарға да барады. Өкініштісі сол: оның бұл күресі өміріне қауіп төндіреді.
Басраның әмірі және әскер қолбасшысы Мұса ибн Боғаға Салих ибн Уасфтың әл-Мұғтаззға жасаған қиянаты мен әл-Мүһтәдиге серт бергендігі жеткен соң, қаланы тастап Самарраға бет алады. Халифа оған орнынан қозғалмауын бұйырып бірнеше рет хат жазғанымен, кері қайтпайды. Салих ибн Уасф Мұсаның астанаға келуінен қорқатын. Сол себептен де халифаға оның қаласын тастап шығуын билікке қарсы көтеріліс ретінде көрсетті. Бірақ Мұса Самарраға әскерімен бірге кіріп, әл-Мүһтәдимен жақсы қарым-қатынас жасап, сертін жаңалайды. Кейін 15 қаңтар 870 жылы Салих ибн Уасф өлтіріледі. Мұсаның әскерлері әл-Мүһтәдиді Салихты жасырды деп айыптап, биліктен алыстатуды көздейді. Бұл хабар халықтың арасына тарап кетеді. Ал халық халифаның жанында болатындықтарын білдіретін парақтарды тарату арқылы қарсылық көрсетеді. Бұл жазулар түркі шенеуніктерге жеткенде халықтың бас көтеруінен қауіптеніп, халифа әл-Мүһтәдиге оның әмірінде екендіктерін білдіріп хабар жібереді. Сонымен қатар жағдайларының нашар екендігін, жалақыларының төленбегендігін, салықтан түскен кіріске әскербасылар қол сұғып жатқанын айтады. Негізінде, бұл шағымды жаңа кезеңнің бастамасы ретінде пайдалануға болар еді. Алайда әл-Мүһтәди оларға берген жауабында мойынсұнушылықтарына разы екендігін, бірақ шағымдарын қанағаттандыратын мүмкіндігінің жоқтығын, салыққа байланысты ұсыныстарын жіберуін айтумен шектелді. Олар салыққа түскен кірісті бір жүйеге келтіретін бірқатар талаптар айтып, бұл қажеттіліктерін орындалғанға дейін халифа қақпасының алдында күтетіндіктерін, бұған қарсы шығып, халифаға зарар беруге тырысқандарды өлтіретіндіктерін жариялайды. Олардың осындай қалауларының барлығы халифаттың пайдасы үшін болатын. Ақыры, халифа оларға барлық талап-тілектері орындалатынын білдіретін жазу жазып береді.
Осы жағдайлардың барлығы әл-Мүһтәдидің түркі қолбасшылардың ықпалынан құтылу үшін таптырмайтын мүмкіндігі болатын. Алайда әл-Мүһтәди бұл сәтті оңтайлы пайдалана алмады. Десек те, түркілерді түркілермен тазалау жоспарын іске асыруға тырысты. Бұл жоспарын да іске асыра алмай, керісінше, өзіне жақтасқан түркілерді өзіне қарсы қойып алды. Ақыр соңында түркілерден басқа күштер жеңіліп, халифа биліктен алыстатылды. Ол 21 маусым 870 жылы дүние салды.
Әл-Мүһтәдидің дәуірінде Аббасилерді он төрт жыл бойы мазалаған Қара нәсілділердің көтерілісі 16 шілде 869 жылы басталды.
Әл-Мүһтәди мінез-құлқы тұрғысынан Аббаси халифаларының арасында жақсыларының бірі ретінде қабылданады. Ол әділдікті сүйетін. Қазылық істерге өзі төрелік жасап, зұлымдыққа ұшырағандардың есесін қайтарып беріп, барлығына жа үлгі болған. Өзіне Умәйя халифаларынан Омар ибн Әбділғазизді үлгі тұтып, ойын-сауық пен сән-салтанаттан алыс тұрып, музыка мен ішкілікке тыйым салып, мемлекет басындағылардың халыққа зұлымдық жасауына бөгет болуға тырысып, халифалық биліктің беделін қайтару үшін қолынан келгенін жасаған[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.