From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұхаммед әл-Мұғтазз (араб.: محمد المعتز; 845, Самарра — 18 маусым 869, Самарра) — Ислам халифатының 32-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
Мұхаммед әл-Мұғтазз араб.: محمد المعتز | ||
867 жылы әл-Мұғтазздың атымен шығарылған динар | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
17 қазан 866 — 18 маусым 869 | ||
(Лақап аты Әл-Мұғтазз Билләһ) | ||
Ізашары | Ахмед әл-Мұстағин | |
Ізбасары | Мұхаммед әл-Мүһтәди | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 845 Самарра, Ислам халифаты | |
Қайтыс болуы | 18 маусым 869 Самарра, Ислам халифаты | |
Династия | Аббас әулеті | |
Әкесі | Жағфар әл-Мүтәуәккил | |
Анасы | Құбайһа | |
өңдеу |
Әл-Мұғтазздың әкесі әл-Мүтәуәккил оны әл-Мұнтасырдан кейінгі тақ мұрагері етіп қалдырған болатын. Бірақ жоғарыда да айтып өткеніміздей, әл-Мұстағин таққа келісімен түркі текті қолбасшылардың талабымен оны және бауыры әл-Мұғтаззды қаматады. Әл-Мұстағин мен әскербасылардың арасында келеңсіздік шыққанда халық әл-Мұғтаззды түрмеден шығарып, оған серт береді. Әл-Мұғтаззға серт берілген уақыттан бастап 18 маусым 869 жылға дейін билік етеді.
Әл-Мұғтазздың билігі кезінде түркі қолбасшылардың арасында да, әскердің басқа да бөліктерінде қарама-қайшылық пен күрес жалғасты. Халифа әл-Мұғтазздың дәуірі түркілердің саяси ықпалының ең күшті болған және қарсы күштердің де бас қосқан уақыт болып табылады. Әл-Мүтәуәккилден басталған түркілерге қарсы әрекет ақырындап күшейіп бар жатты. Бір жағынан, әскердің ішінде басқа да ұлттардан кейбір топтардың құрылуы, екінші жағынан, халықтың нақты түрде күреске кірісуі — түркі текті қолбасшылар үшін қауіптің белгісі еді.
Әл-Мұғтазз халифалықтан алыстатылғаннан кейін жанын аман алып қалатынына сөз бергенімен әл-Мұстағинді өлтірткен болатын. Әл-Мұғтазз әл-Мұстағинге берген сөзін бұзумен қатар, Ибраһим әл-Муаядты да мұрагерліктен алыстатып, оны және бауыры Әбу Ахмедті түрмеге қамайды.
Оның дәуірінде Фаристі алған Жақып ибн Ләйстің ықпалы күшейе түседі.
Әскерлер мемлекет қазынасында түк қалмағандықтан, жалақыларын сұрап әл-Мұғтаззға келеді. Әл-Мұғтазз оларға ештеңе төлей алмайтын болғандықтан, оны тақтан алыстатуға шешім қабылдап, биліктен бас тартуға мәжбүрлейді. Оған халифалықтан бас тартқандығын растайтын сөздерді өз қолымен жаздыртып алғаннан кейін, үш күн бойы ас-сусыз азапталып өлтірілуі сол кездегі халифалық биліктің қаншалықты деңгейде болғанын көрсетуге жеткілікті болса керек[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.