Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт, яғни әлеуметтік сапалар жиынтығы.[1] Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.[2]
Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады. Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді. Мәжбүрлеп істелген іске Моральдық баға беру қиын. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни Моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т.б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен Моральдық түсініктер жатады. Рационалды Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этик. теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы Моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады.[3]
Қазақ мәдениеті түркілер өркениеті мен араб-мұсылман өркениетінің тоғысуында дүниеге келген. Қазақ халқының адамгершілік туралы ой-толғаныстарын осы екі мәдени кеңістіктің ықпалын өз бойында тоғыстырған қазіргі исі түріктердің ұстазы әл-Фарабиден бастаған жөн.
Мәдениет тарихына қысқаша шолу жасап өтер болсақ, ортағасырлық Шығыстың, Батыс Еуропаның мәдени дамуынан әлдеқайда алда тұрғандығын білеміз. Орта ғасырлардың өзінде-ақ араб-мұсылман өркениетінің аймағында ренессанстық сипаттар пайда болған: біріншіден, қалалық мәдениет өркендеген; ғылым-білімге басты назар аударылған; антикалық мұра қолға алынып, аудармалар жасалынып, грек философтарының жолын қуушылар (перипатетиктер, неоплатониктер) пайда болған.
Шырыс перипатетизмінің немесе Аристотельдің жолын қуушылардың бірі, дүние жүзі ғалымдарының "екінші ұстазы" атағына ие болған әл-Фараби этиканы —жақсылық пен жамандықты, ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Әл-Фараби грек этикасының орталық ұғымы — эвдемонаны өзінің этикалық шығармаларына арқау етіп алады. "Бақытқа жол сілтеу" трактатында ұлы ұстаз о дүниенің баянсыз бақыты туралы емес, тірі адамның шынайы өміріндегі бақыты туралы сөз қозғайды. Оған жету үшін адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, әл-Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Адам ақиқатқа, айналадағы дүниені танып-білу арқылы ғана жетеді деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің этикалық көз-қарасты танытатын тағы бір шығармасы — "Қайырымды қала тұрғындарының көз-қарасы". Онда философ полистің тұрғындары бақытты болуы үшін оны жақсы әкім басқаруы керек деп ұғады. Жақсы әкім сипаттамасы мынадай: әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, батыл, жомарт жан. Жеке адамның бақыты жалпы қоғам бақытына ұласады деп есептеген Фараби эвдемоналық күйі де мүмкін.
Жүсіп Баласағұни — данышпан, ойшыл, философ. Оның адамгершілік ұстанымдарын, түркілер дәуірінің талап-тілектері тұрғысына жататын "Құтты білік" поэмасының басты идеясы деген. Біріншісі — мемлекетті дұрыс, әділеттік ұстанымы; екіншісі — баққонсын деген тілек; үшіншісі — ақыл; ал төртіншісі — қанағат-ынсап мәселесі. Жүсіп аталған ұстанымдардың прототиптері патшаны әділдіктің бейнесі деп; оның уәзірі бақ-дәулет тұрғысынан; ақыл-парасат көрінген — Ұғдүлміш бейнесі; ал қанағат-ынсап мәселесін Дәруіш Одғұрміш арқылы көрсетеді. Дидактикалық, яғни тәлім-тәрбиелік сарында жазылған бұл "Құтты білік" шығармасында әдеіттілік, мораль мәселесі көп қозғалады.
Абай этика тақырыбын қозғағанда, иман мәселесіне көп көңіл аударады. "Иман" термині қазақ санасына мұсылманшылық арқылы енген. Ол арлылық синонимі болып табылады.
"Ұят кімде болса, иман сонда" деген мақалды Абай өзінің отыз алтыншы сөзіне негіз етіп алып, ұят түсінігін талдайды. Ақын ұятты екі түрге бөледі: надандықтан туындайтын ұят; иманға қатысты шын ұят. Олардың айырмашылығы ұяттың пайда болуының себептерінде. Біріншісі — не шариғатқа, не ақылға терістігі жоқ болса да өзінен-өзі қысылатын жалқаулық, жалтақтық, қорқақтық, жігерсіздік, жауапсыздықтан туындайды. Екіншісі — не шариғатқа, не ақылға, не адамгершілікке кесел тигізетін, не нәпсінің жолында абыройға нұқсан келтіруден басталатын, өзіңе ішкі жаза тарттыратын жоғары сезім. "Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігілді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қысымның аты", — деп анықтайды Абай.
Бастапқы мағынасы тұрғысынан болсын, санаға ену жолынан болсын иман ұғымында діни мазмұн басым екендігіне қарамастан, Абай иманды адамшылық өлшемі ретінде қабылдайды. Абайдың түсінуінше, білуге құмарлықты шектеу, талаптанбау, өз әрекетіңе салғырт қарау — имансыздық.
Абай өз халқының бойындағы оң қасиеттермен қатар оғаш қылықтарды, теріс мінездерді қатты сынға алған. Оның бәрімізге жастайымыздан белгілі:
өлең жолдарында қазақ бойындағы, тұрмысын тоқ санап, жайбарақаттыққа салынған надандық кейпі іш ашитындай туралықпен берілген.
Абай отыз төртінші қара сөзінде "Адам баласына адам баласының бәрі — дос" дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра, бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсе қызарлық жасап, жауласудың адам жанына берері шамалы деп тұжырымдайды. Абай өз ұрпақтарына "Адам бол!" деп уағыз айтып кеткен жан.
Шәкәрім — Абайдың жолын қуған інісі, ол өз өмірін жамағатының болашағына арнаған. Шәкәрімнің "Үш анығында":
Моральды "ар ілімі" деп танитын Шәкәрім адамгершілік құлық хақында көп ой қозғайды. Ол адам жолы дегеніміз — адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп өз ар-ұжданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі керек. Ар-ұжданның мазмұнын ынсап, әділет, мейірім құрайды деп түсінетін автор оларды адамптылық ұғымымен байланыстырады.
Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар:
дей келе Шәкөрім жоғары құндылықтарды атап өтеді.
Ар-ұждан тіпті о дүниеде де бар нәрсе деп есептейді. Оның бар екеніне дәлелсіз сену қажет. "Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ар-ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол — осы мұсылман жолы сияқты!" — дейді Шәкәрім "Үш анығында":
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.