From Wikipedia, the free encyclopedia
Медеу Сапаұлы Сәрсеке (2 қаңтар 1936 жыл, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Семей облысы – 20 наурыз 2024 жыл) — қазақ және кеңес жазушысы, драматург, публицист, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Медеу Сәрсеке | |||||
80 жылдық мерейтойындағы Медеу Сәрсеке, 2016 жыл | |||||
Туған кездегі есімі |
Медеу Сапаұлы Сәрсеке | ||||
---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||
Туған жері | |||||
Қайтыс болған күні | |||||
Азаматтығы | |||||
Білімі |
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті | ||||
Мансабы | |||||
Шығармашылық жылдары |
1955 — 2024 | ||||
Жанры |
проза, драма, эссе | ||||
Шығармалардың тілі |
қазақша, орысша | ||||
Марапаттары |
|
Қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
Арғын тайпасы Тарақты руынан шыққан. Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). 1958–1959 жылдары "Жас Алаш" газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі, 1959–1963 жылдары Семей цемент зауытында мастер, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, 1963–1965 жылдары "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы. "Ғажайып сәуле" (1959), "Көрінбестің көлеңкесі" (1960), "Жетінші толқын" (1964), "От және атом" (1965) повестері жас жеткіншектерге арналған. Өндіріс адамдары жайлы "Жеті жылдықтың жігіттері" очерктер кітабы (1961), "Қаз қайтқанда" (1968), "Айшықты мезет" (1969) деректі повестері жарияланды. "Сәтбаев", "Ебіней Бөкетов" (2005) атты деректі ғұмырнамаларын (1980, 1989), "Шығыс хикаясы" пьесасын (1971), "Жаңғырық" (1979), "Көмбе" (1985) романдарын жазды. А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романын қазақ тіліне аударған. "Құрмет" орденімен (2001), "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен (1970), Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.