From Wikipedia, the free encyclopedia
Мао Цзэдун (Мау Зыдоң, айтылуы (қыт. 毛泽东; дәстүрлі қытайша: 毛澤東; Пінйін: Máo Zédōng; 26 желтоқсан 1893 жыл — 9 қыркүйек 1976 жыл) — Қытайдың әскери және саяси жетекшісі. Оның бастауымен Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) басшысы Қытай Азамат соғысының кезінде Гоминдаң (国民党) партиясының үстінен жеңіске жетіп, 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жариланғаннан 1976 жылы қайтыс болғанға дейін оның жоғарғы жетекшісі болды.
Мау Зыдоң 毛澤東 毛泽东 | ||||
Зыдоң, 1959 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 наурыз 1943 — 9 қыркүйек 1976 | ||||
Ізашары | лауазымы құрылды | |||
Ізбасары | Һуа Гофең | |||
| ||||
27 қыркүйек 1954 — 27 сәуір 1959 | ||||
Ізашары | лауазымы құрылды | |||
Ізбасары | Лю Шаоци | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Қытай Коммунистік партиясы | |||
Діні | атеист | |||
Дүниеге келуі | 26 желтоқсан 1893 Шаошань, Хунань, Цинь империясы | |||
Қайтыс болуы | 9 қыркүйек 1976 (82 жас) Бейжің, ҚХР | |||
Мау Зыдоң Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Кезінде дүниежүзілік саясаттағы ең маңызды тұлғалардың бірі болып есептелген ол,[1] Мао қазір де, қайтыс болғанынан кейін отыз жылдан астам уақыт өтсе де талас-тартыстар туғызатын тұлға. Қытайдың өзінде ол қазірге дейін ұлы төңкерісші, Қытай Азамат соғысында Чияң Кайшиді жеңген дарынды қолбасшы және жүргізген саясаты арқылы Қытайды қуатты мемлекеттер қатарына қосқан кемеңгер саясатшы ретінде құрметтеледі. Сонымен бірге Қытайдың өзіндегі және шетелдегі сыншылар Маоның әлеуметтік-саяси жоспарларының кейбіреулерінің, мысалы Үлкен секіріс және Мәдени төңкеріс сияқтылардың Қытайдың мәдениеті, экономикасы, сыртқы қарым-қатынастарына келтірген зияны үшін және бейбітшілік кездің өзінде миллиондаған адам шығынына алып келгені үшін айыптайды.[2]
Мао Цзэдун ақын және хұснихатшы ретінде де белгілі.
Мау Зыдоң 1893 жылғы 26 желтоқсанда Һунан өлкесінің Сяңтан аймағындағы (湘潭縣) Шаушан ауылында біршама әлді шаруа отбасында дүниеге келген. Оның ата-бабалары Һунанға Миң дәулетінің заманында Жияңси өлкесінен қоныс аударып, сонда шаруалар ретінде тұрақтап қалған болатын. Оның әкесінің аты — Мау Женшең, ол шаруа болатын. Оның анасы — Уен Чимей будда дінін қатты ұстанатын кісі болған. Отбасы ауқатты отбасы болғандықтан, оның әкесі оны мектепке және Чаңшадағы келесі басқыш мектебіне жіберуге жағдайы көтерді.
1911 жылғы төңкерістің кезінде Мау Һунан өлкесінің төңкерісшілердің жағында соғысқан қосынына қатардағы жауынгер болып қабылданды. Циң дәулеті тақтан түсірілгеннен кейін Мау әскерді тастап, оқуын жалғастырды.[3]
1918 жылы Һунанның өлкелік бірінші мектебін бітіргеннен кейін 1919 жылдың 4 мамыр қозғалысының кезінде Мау өзінің мектеп ұстазы және болашақ қайын атасы Яң Чаңжимен бірге Бейжіңге сапар шекті.
Профессор Яң Бейжің университетінде ұстаздық қызмет атқаратын. Яңның қолдауымен Мау университеттің кітапханасына кітапханашы болып орналасты, онда ол Ли Дажаомен танысып, оның қол астында жұмыс істей бастады. Мау Бейжің университетіне жарым-жартылай уақыт оқитын студент ретінде түсіп, Чен Дусю, Һу Ши, Цян Сюантоң секілді атақты ғалымдардан лекция тыңдап, семинарларына қатысты. Бейжіңде жүрген кезінде ол барынша көп кітап оқуға күш салып, коммунизм ілімімен танысты. Сол кездері ол өзімен бірге оқитын Яң Кайхуейге үйленді, ол профессор Яңның қызы болатын. Маудың өзі бұл некені ешқашан мойындаған емес. 1930 жылғы қазан айында Гоминдаң Яң Кайхуейді ұлымен бірге қолға түсірді. Жасы 8-дегі Анійңді олар туыстарына жіберіп, оның анасы Яң Кайхуейді өлтірді.
Бұл кезде Мау Һе Зыжен деген Жияңси өлкесінде туған 17 жасар қызбен бірге тұрып жүрген болатын.
Мау Францияға оқуғабару туралы ұсынысты қабылдамады, себебі оның ойынша Қытайдың алдында тұрған қиындықтарды тек Қытайдың ішінде жүріп қана шешуге болатын еді. Өз замандастарынан бір айырмашылығы, Мау тағы Қытайдың басым бөлігін құрайтын шаруа қауымын зерттеуге зор көңіл бөле бастады.
1921 жылғы 23 шілдеде 27 жасар Мау Шаңһайда өткен Қытай Коммунистік партиясының ұлттық съезінің бірінші отырысына қатысты. Екі жылдан кейін үшінші съездің кезінде партияның Орталық комитетінің бес комиссарының бірі болып сайланды. Сол 1923 жылдың аяқ жағында Мау ҚКП Орталық комитетінің және Гоминдаң Орталық комитетінің тапсыруымен Һунанда Гоминдаң партиясының жергілікті ұйымын ұйымдастыру үшін Һунанға қайта оралды.[4] 1924 жылы ол Гоминдаңның бірінші ұлттық конференциясына делегат болып барып, сонда Орталық комитеттің балама атқарушысы болып сайланды. 1924 жылы ол Гоминдаңның Шаңһай ұйымының атқарушысы және ұйымдастыру бөлімінің хатшысы болып таңайындалды.
Біраз уақыт бойы Мау ҚКП төңкеріс үшін маңызды қала деп қарастырған Шаңһайда қала берді. Бірақ ол қалада кәсіподақ ұйымдарын құру жағынан коммунистік партияның алдында қиындықтар пайда болды. Оның үстіне өзінің ұлтшыл одақтасы Гоминдаң партиясымен қарым-қатынастары да оңтайлы болып қалыптаса қоймады. Коммунистік партияның қаржысы да азайып, төңкерістен көңілі қалған Мау Шаошанға қайтып кетті. Бірақ 1925 жылғы Шаңһай мен Гауңжоудағы толқулардан кейін Маудың революцияға деген қызығуы қайтадан жандана бастады. Ол қайтадан саяси күреспен айналыса бастауды ұйғарып, Гоминдаң партиясының негізі болып табылатын Гуаңдоңға барып, Гоминдаңның екінші съезіне дайындық жұмыстарына қатыса бастады. 1925 жылдың қазан айында Мау Гоминдаңның насихат бөлімінің уақытша директоры болып тағайындалды.[4]
1927 жылдың бас кезінде Мау Һунанға қайтып оралып, сонда коммунистік партия ұйымдастырған төтенше жиналысқа қатысып, Солтүстік жорықтың нәтижесінде орын алған шаруа көтерілістері туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Бұл баяндама Маудың революцияшыл теорияларының іс жүзінде сәтті орындалғанының бірінші көрінісі болды..[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.