From Wikipedia, the free encyclopedia
Малай архипелагы (малайша Kepulauan Melayu ) — әлемдегі ең үлкен және арал саны бойынша төртінші, Тынық мұхиты мен Үнді мұхитын өзара бөліп тұрған Оңтүстік-шығыс Азия мен Австралия арасындағы архипелаг. Атауы Малай рифтері атауының жайылу аумағына байланысты алынған.[1] Үлкен Зонд, Кіші Зонд, Молукк, Филиппин және көптеген ұсақ аралдар кіреді (мұхитпен бөлінетіндіктен Жаңа Гвинея аралы кірмейді) [2][3]. Ең үлкен аралы — Калимантан және Суматра. Ең тұрғыны көп арал — Ява.
Малай архипелагы малайша Kepulauan Melayu , индон. Kepulauan Melayu, порт. Arquipélago Malaio, ис. Archipiélago malayo, ағылш. Malay Archipelago | |
Физикалық картасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Аралдар саны | 10 000-нан аса |
Ірі аралы | Калимантан |
Жалпы ауданы | 2 000 000 км² |
Тұрғындар (2010 жыл) | 335 000 000 адам |
Халық тығыздығы | 167,5 адам/км² |
Орналасуы | |
2°56′ о. е. 107°55′ ш. б.2.933° о. е. 107.917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Архипелагты шаятын акваториялар | Тынық мұхит, Үнді мұхиты |
Елдер | Индонезия Малайзия Шығыс Тимор Филиппин Бруней |
Малай архипелагы Ортаққорда |
Аралдарда 330 вулкан, 100-жуық әрекеттегі жанартаулар бар. Ең атақтысы — Кракатау. Малай архипелагында Индонезия (толықтай дерлік) (Индонезия Жаңа Гвинея аралының жартысын алып жатыр, ол архипелагқа кірмейді), Малайзия (жартылай), Бруней, шығыс Тимор және Филиппиндер мемлекеттері орналасқан.
Аралдар | Көлемі |
---|---|
Калимантан | 748 168 км2 |
Суматра | 443 066 км2 |
Сулавеси | 180 681 км2 |
Минданао | 97 530 км2 |
Ява | 443 066 км2 |
Жаңа Гвинея | 785 753 км2 |
Лусон | 109 965 км2 |
Малай архипелагының барлық көлемі 2 000 000 км2,[4] 25 мыңнан астам топаралдардың аралдарынан құралады.[5] Топаралда 350 000 адам тұрады[6], халық тығыздығы 150 адам./км². Архипелағтың ірі топаралдары:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.