From Wikipedia, the free encyclopedia
Максим Павлович Низовцев (9 қыркүйек 1972, Қостанай, Қазақ КСР, КСРО) — кеңестік және қазақстандық футболшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.
Максим Павлович Низовцев | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні |
9 қыркүйек 1972 (51 жас) |
Азаматтығы | |
Қостанай футболының түлегі. Карьерасын 1991 жылы "Кустанаец" клубында бастаған. Клуб сапында КСРО-ның соңғы чемпионатында ойнады да, келесі жылы Қазақстанның жоғары тобына автоматты түрде жолдама алды. 1995-2003 жылдар аралығында Ресей клубтарында ойнап, 2004 жылы Қостанайға оралды.
Қазақстан Ұлттық футбол құрамасындағы алғашқы ойынын 1994 жылы 11 сәуірде Тәжікстанға қарсы өткізді. Ойын барысында Николай Курганскийдің орнына алаңға шықты. 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде Катардың қақпасына өзінің құрама сапындағы алғашқы голын енгізді. 1997-2003 жыл аралығында құрамаға мүлде шақырылмады. 2004 жылы қайта шақырылып, 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі бірнеше матчқа қатысып, 2005 жылы 3 қыркүйекте сырт алаңда Албанияның қақпасына гол соқты.
Ұлттық құрамада 16 ойын өткізіп, 2 доп соққан.
2009 жылы бапкерлік ғұмырын бастап, кезінде өзі ойнаған Калиниградтың "Балтика" жастар командасын екі жылдай жаттықтырды. Низовцевті "Тобылға" бапкер ретінде шақыру жайлы да сөз қозғалған болатын бірақ, команда директоры Николай Панин "Низовцевтің бапкерлік лицензиясы жоқ, сол себепті де клубқа жаттықтырушы бола алмайды" деп ол идеяны қуаттамады.
Әкесі Павел Низовцев те кәсіби футболшы болған. Қостанайдың "Автомобилист" клубында ойнаған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.