From Wikipedia, the free encyclopedia
Майкөт Сандыбайұлы (1824, қазіргі Сарысу ауданы, Шабақты өзенінің бойы, Бестоғай алабы – 1902, Сарыарқа) – ақын. Ысты руынан шыққан.[1]
Қаратау өңірінде туып-өсіп, оқып, білім алған. Сыр бойына, Жетісуға, Сарыарқаға аты шыққан. Сарысу ауданында тұратын туысы Д.Мұсаевтың дерегіне қарағанда, Арқада қайтыс болған Майкөтті сол Сарыарқа даласына халқы аманат етіп қойған. Кейін сүйегі Әулиеатаға үлкен құрметпен әкелініп, Сеңкібай қорғанына жерленген.
Майкөт Құлыншақ, Молда Мұса, Майлықожа, Сүйінбай, Бақтыбай, Түбек, Мәделіқожа, Бөлтірік, Құлмамбет, Қазанғап, т.б. ақындармен айтысқа түскен. Оның жан-жақты білімділігін, «көмейінен құс ұшырған алып» ақындығын Құлмамбет: «
...Ел жайын молда Майкөт білген екен |
», – деп жырға қосқан.
Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан, Майкөт ақын, Құлмамбет, Орын берді қасынан |
»,-деп Майкөттті үлгі тұтқан. Әулиеатаға әдейі іздеп барып, Майкөттен «Көрұғлы» дастанын үйренген.
Майкөт қазақ қаһармандарын, солардың ішінде Өтеген батырды да жырға қосқан. Майкөттің қасына еріп жүрген жыршы Сұлтанбек Аққожаевтың (1876 – 1965) орындауындағы «Алпамыс батыр» жыры (Майкөт жырлаған ең көлемді нұсқасы) жазып алынған. Майкөттің «Саржан төреге айтқан жыры», «Сарыбай асында айтқан құттықтау толғауы», Құлмамбет, Қазанқап, Бөлтірікпен айтысы, тағы бірер туындысы сақталған. Алайда, өлеңдері мен жырларының, сондай-ақ, айтыстарының көбі ұмытылған яки жинастырылмаған.
Шығыстанушылар Майкөт жырының «Қисса Майкөт немесе қазақтардың мың жылдық тарихы туралы мың сөз» деген атпен орысша аударылған нұсқасын зерттеулеріне арқау еткен (В.В. Радлов, В.В. Бартольд, т.б.), Майкөтпен кездескен Ә.Диваев оның қазақтың мыңжылдық тарихын өзінше жырлаған алып жыршы екендігін айтқан. Қырғыз ақыны Тоғолоқ Молдо (Байымбет Әбдірахманов, 1860 – 1942) «Қазақ ақындары» деген толғауында: «
Тоқпақта үлкен жиында, Майкөтті көрдім көзіммен... Қаршығадай түйілген, Өзі салдай киінген |
», – деп жырлаған. Майкөт шығармашылығына С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов назар аударды, Қ.Жармағамбетов, Е.Ысмайылов, М.Жолдасбеков, Ә.Доспанбетов, т.б. зерттеді. Дегенмен, Майкөттің ақындық-жыршылық табиғатын терең тану, туындыларын іздестіріп-жинастыру, шығармашылық өмірбаянын жасау – әлі де кезегін тосып тұрған іс. Майкөттің баласы Арқабай ақын (1872 – 1934) қазіргі Байзақ ауданы аумағында туып-өсті. Әке жолын қуып, өнер сапарымен қазақ, қырғыз, өзбек елдерін аралады, халық ақыны атанды. Ұлбике, Сауытбек, Қылышбай, т.б. ақындармен айтысқан. Бірқатар ел билеуші-болыстарға арнап өлеңдер шығарған. Қырғыз манабы Шәбденнің тойында қазақ, қырғыз ақын-жырауларының бірқатарымен (Жамбыл, Кенен Әзірбаев, Жәміл, Қалмырза, т.б.) өнер жарыстырған. Қобызшы, домбырашы, сырнайшы да болған. Халық дастандарын («Алпамыс», «Қобыланды», «Қыз Жібек», «Нәрік батыр», т.б.) жатқа айтатын жыршы болған. Арқабайдың өнері, жалпы Майкөт әулетіндегі шығарма дәстүр әзірге дейін арнайы зерттеуге тартылмаған. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.