Майбалық (балық)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Майбалық, шемей (лат. Chalcalburnus chalcoides) [1] - тұқытәрізділер отряды, тұқылар тұқымдасына жататын балық.
Майбалық | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
|
Жыныстық жағынан 2–6 жылда жетіледі. Бұрын көпшілігі уылдырығын теңіздің жағалауларына, өзеннің сағасына шашатын. Қазіргі уақытта Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдерде көбейеді. Уылдырығын (18,2-73,9 мың) мамыр-маусым айларында су температурасы 15°С болғанда, тереңдігі 0,5-2 м су түбіндегі тастарға шашады.
Шабағы алғашында планктонмен, кейін жәндіктермен, біркүндіктермен, кейде балдырлармен қоректенеді.
Қара, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптарында таралған. Өрістейтін және тұщы суда кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда екі түр тармағы: Каспий майбалығы (теңіздің оңтүстік-батысында кездеседі) және Арал майбалығы (қазір Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдер (Қараөзекті қоса алғанда) табиғи ареалында) тіршілік етеді. Арал теңізінен кәсіптік балық ретінде 1960 жылдарға дейін көп ауланған. Қазір олардың саны жылдан-жылға азайып келеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.