суеверия From Wikipedia, the free encyclopedia
Магия[1] ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.
Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде Дж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.
Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.
Қазіргі кезде зерттеушілер магияны контактілі (магиялық күші бар объектімен тікелей әрекеттесу), инициалды (Магиялық іс-әрекет субъектісі үшін қол жетпейтін объектіге магиялық әрекеттің бағытталуы), парциалды (шаш немесе тырнақ, тамақ қалдықтары арқылы жанама ықпал ету), имитативті (магиялық объектіге ұқсас затқа ықпал ету) деп бөледі. Ежелгі дін формаларын зерттеуші Б.Малиновский магияны жемісті, сақтандырушы және деструктивтік деп жіктейді. Дж.Фрезер бойынша магиялық әрекеттер ұқсас немесе бірінен кейін бірі келетін шектес құбылыстарды жалған себеп-салдарлық қиыстыруға негізделген. Осыдан магияның гомеопатиялық (ұқсастық бойынша, еліктеушілік) және контагиозды (шектесуі бойынша, жұқтыру) деген екі түрі көрінеді. Әлемдік діни жүйелерде магиялық салт-жоралар елеулі рөл атқарады. Леви-Стростың пікірінше, магия мен дін бірін-бірі толықтырады. Магия белгілі бір әрекетке және сөздерге “кереметтік” қасиет беріп, дәріптейтін күш ретінде адамның объектіге тікелей әсер етуі және мақсатына жету жолында өз мүмкіндігіне деген сенімге негізделген. Магиялық әдет-ғұрыптар дүниеге, табиғат құбылыстарына, адамдарға, рухтарға табиғаттан тыс жолмен ықпал етуге бағытталады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.