Лэндон Тимоти Донован (ағылш. Landon Timothy Donovan; 4 наурыз 1982, Онтэрио, Калифорния, АҚШ) — АҚШ-тық футболшы, жартылай қорғаушы. АҚШ Ұлттық футбол құрамасында доп тепкен, ұлттық құрама тарихындағы мерген футболшы (57 гол).
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Лэндон Донован |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Толық аты |
Лэндон Тимоти Донован
|
---|
Лақап аттары |
Капитан (ағылш. Captain America)[1]
|
---|
Туған күні |
4 наурыз 1982 (1982-03-04) (42 жас)
|
---|
Туған жері |
Онтэрио, Калифорния
|
---|
Азаматтығы |
АҚШ
|
---|
Позиция |
жартылай қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Сан-Диего Соккерс
|
---|
Номері |
9
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
2020 жылдан бастап бапкерлікпен айналысады.
АҚШ-тың "Кэл Хит", "Академия IMG" клабтарының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 1999 жылы Германияның "Байер" клубында бастады. Леверкузендік клубта анау айтқан жарқырамады, көбіне фарм-клубында доп тепті, кейін АҚШ-тың "Сан-Хосе" клубына жалға берілді.
2005 жылы отанына оралып, "Лос-Анджелес Гэлекси" клубында ойнады. 2014 жылға дейін осы клубқа тиесілі футболшы болды, арасында "Баварияда", "Эвертонда" жалда ойнады. 2007 жылы командаға Дэвид Бекхэм келді де, Лэндон капитандықтан Бекхэм үшін бас тартты. Сол жылы Солтүстік Америка суперлигасының үздік мергені атанды.
2009 жылдың басында Бекхэм "Миланға" кетті де, Лэндон қайтадан капитандық міндетті қолға алды.
2014 жылы футболдан кетті де, 2016 жылы 34 жасында "Лос-Анжелес Гэлэксиге" қайта оралды.
Құрама сапында 12 жыл бойы ойнап, төрт дүркін КОНКАКАФ чемпионы атанды. Құрама сапындағы соңғы ойынын 2014 жылы 10 қазан күні Эквадорға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
- Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2009
- КОНКАКАФ чемпионы (4): 2002, 2005, 2007, 2013
- КОНКАКАФ күміс жүлдегері: 2011
- КОНКАКАФ қола жүлдегері: 2003
- MLS кубогы иегері (2): 2001, 2003, 2005, 2011, 2012, 2014
- MLS чемпионы (2): 2010, 2011
- АҚШ-тағы жыл футболшысы: 2003, 2004, 2009, 2010
- КОНКАКАФ Алтын куюогының үздік мергені (3): 2003 (4 гол), 2005 (3 гол), 2013 (5 гол)