From Wikipedia, the free encyclopedia
Лингвистикалық терминдер сөздігі —тіл білімі терминдерін қамтып, олардың түсінігін беретін сездік. Лингвистикалық терминдер сөздігі материалдарды іріктеуіне қарай әліпбилік және тематикалық болып жасалады. Ал терминологиялық лексиканы қамтуына орай ол (лингвистикалық терминдерді тұтас қамтыған) жалпы сөздік және тіл білімінің арнаулы саласын ғана қамтитын, фонетикалық яки грамматикалық терминдер сөздігі боп бөлінеді. Мән- мазмұны, берер информациясына қарай лингвистикалық терминдер сөздігінің түсіндірмелі және номенклатуралы түрлері болады. Номенклатуралық сөздікте сөзтізбе, яғни терминдердің тізімі әліпбилік тәртіппен беріледі де, басқаша мағлұмат айтылмайды. Лингвистикалық терминдер сөздігі мән-мақсатына қарай энциклопедиялық (термин туралы мағлұмат, оның ұғымы мен тарихы жайлы, мысапдар мен библиографиялық көрсеткіштер береді), түсіндірмелі (әрбір терминнің мағынасын ашып, толық түсінігін береді) боп екі топқа бөлінеді. Энциклопедиялық сөздікке 1990 жылы орыс тілінде шыққан "Лингвистический энциклопедический словарь" тән болса, тіл білімінің түсіндірме сөздіктеріне Ж. Марузо, О. С. Ахманова, I. Кеңесбаев, Т. Жанұзақов сөздіктері жатады. Лингвистикалық терминдер сөздігі XX ғ. басында шыға бастады. Тұңғыш рет 1924 жылы Н. Н. Дурново "Грамматический словарь" шығарса, 1946 жылы Л. И. Жирковтың "Лингвистический словарь" атты сөздігі, 1960- 1964жылдары Ж. Марузо, И. Вахек, Э. Хемп сөздіктері жарық көрді. Көлемді де, тіл білімі терминдерін мол қамтыған (7 мың термин) түсіндірмелі сөздік - 1966 жылы жарық көрген О. С. Ахманова сөздігі. Лингвистикалық терминдер сөздігін шығару 1954 жылы бастап, Америка, Франция, Германия, Испанияда тілші ғалымдар тарапынан шығарыла бастады. Түркі тілдерінде алғаш рет 1956 жылы жарық көрген I. Кеңесбаев, Т. Жанұзақовтың "Орысша-қазақша тіл білімі терминдерінің сөздігі" еді. Ол толықтырылып, өңделіп, екінші рет 1966 жылы "Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі" деген атпен түсіндірме сөздік боп жарық көрді. Кейінгі жылдары, қырғыз, өзбек, түрікмен, татар, ұйғыр тілдерінде де осындай сөздіктер шыға бастады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.