Көкгүл, генциана (лат. Gentiana) – көкгүлдер тұқымдасына жататын көбіне көпжылдық, кейде бір жылдық шалабұталар немесе шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Барлық құрлықтың (тек Африка мен Антарктидада кездеспейді) қоңыржай және тропиктік аймақтарында 400-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда 31 түрі бар. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, Жетісу (Жоңғар), Iле, Күнгей, Теріскей Алатауларында, Алтайда, Тарбағатайда өседі.

Quick Facts Көкгүл, Ғылыми топтастыруы ...
Көкгүл
Thumb
Gentiana verna
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Gentianales
Тұқымдасы: Gentianaceae
Тегі: Gentiana
түрлері

400 түрі белгілі

Close

Ботаникалық сипаттамасы

Биіктігі 2–12 см, кейде 40–70 см. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, сопақша қандауыр пішіндес. Гүлі көк, ақшылкөк, кейде сары түсті келеді. Гүлшоғыры – жартылай шатырша. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – қорапша, сопақша келген, қосжақтаулы, көп дәнекті болып біткен. Көкгүлдердің ішінде дәрілік түрлерінің (кәдімгі көкгүл, оливье көкгүлі, т.б.) ерекше мәні бар. Олардың тамырында алкалоид, глюкозид, жапырағында аскорбин қышқылы бар. Әсем және шірнелі өсімдік. Ал жоңғар көкгүлі (G. dshungarіca) – өте сирек кездесетін эндемик түр. Оның жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанныңенгізілген.[1]

Синонимдері

  • Calathiana Delarbre
  • Chondrophylla A.Nelson
  • Ciminalis Adans.
  • Dasystephana Adans.
  • Ericala Gray, orth. var.
  • Eurythalia D.Don, orth. var.
  • Favargera Á.Löve & D.Löve
  • Gentianodes Á.Löve & D.Löve
  • Holubogentia Á.Löve & D.Löve
  • Kuepferella M.Laínz
  • Kurramiana Omer & Qaiser
  • Mehraea Á.Löve & D.Löve
  • Pneumonanthe Gled.
  • Qaisera Omer
  • Tretorhiza Adans.
  • Ulostoma G.Don

Көкгүлдің негізгі түрлері

Көкгүл тегіне 359-дай түр кіреді. Негізгі түрлері:

  • сары шерменгүл (G. lutea) — шөптесін есімдік. Мұның тамыры мен тамырсабағын ұнтақтап немесе кайнатып дәрі жасауға пайдалана-ды, ол адамның асқа тәбетін шап-тырып, оның жақсы сіңуіне мүм-кіндік туғызады;
  • көкшіл шерменгүл (G. pneumonanthe) — шабындыкта, орман шетінде, бұталардың арасында өсетін шөптесін есімдік;
  • сірге-жапырақ шерменгүл (G. сruciata) — шөптесін есімдік[2].

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.