From Wikipedia, the free encyclopedia
Инские белки, Иня таулары – Алтай тауларының Тікирек және Қоржынтау жоталары аралығындағы тау.
Инские белки | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Биіктігі |
2232 м |
Орналасуы | |
50°55′48″ с. е. 83°31′35″ ш. б.50.93000° с. е. 83.52639° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерінде, Ресейдің Алтай өлкесімен шектесетін тұсында орналасқан.
Абсолюттік биіктігі 2232 м. Таудың солтүстік және оңтүстік беткейлері тік, жартасты келген. Шығыс бөлігі батысына қарағанда биіктеу. Оңтүстік беткейлерінен Белопорожная Уба(Ақ Үбі), солтүстігінен (Ресей аумағынан) Иня өзендері бастау алады.
Жер қыртысы негізінен палеозой шөгінділері мен метаморфты жыныстардан түзілген.
Беткейлері мен тау шатқалдарында қарағай, майқарағай, самырсын өседі. Төмендегі қайың, терек өскен орман алқабында итмұрын, қарақат, алаңқайларда кәдімгі тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөптесіндер өседі. Жануарлардан аю, құну, марал, таутеке; құстардан саңырау құр, шіл, тоқылдақ, ұлар, т.б. мекендейді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.