From Wikipedia, the free encyclopedia
Инаугурация (латынша іnauguro – арнаймын; ағылшынша іnauguratіon – қызметке кірісу) – мемлекет басшысының мәртебелі лауазымды атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсімі.
Ежелгі Рим империясында қайсыбір лауазым алған адамның қызметке кірісуі салтанатпен атап өтіліп тұрған. Монархтардың тәж кию сәттері де арнайы салтанатпен рәсімделген. Елбасының (қағанның, ханның) жаңадан билікке келуін салтанатты түрде айғақтау дәстүрі қазақ халқында да болған. Әдетте хан сайлауға қатысқан игі жақсылар таңдап алынған жаңа елбасын салтанатты түрде ақ киізбен көтеріп, таққа отырғызған. Қазақ елі тәуелсіздігінен айырылып, Ресей империясының отарына айналуына байланысты, бұл дәстүр жойылған болатын. КСРО кезінде мемлекет басшысының қызметке кірісуін салтанатпен ұлықтау дәстүрі болған жоқ. Шет елдерде, мысалы, демократия үлгісі іспетті АҚШ-тағы бүкілхалықтық сайлаудан кейін президент инаугурациясын өткізу дәстүрі біздің еліміздің және өзге де ТМД елдерінің өміріне 20 ғасырдың 90-жылдары енді. Қазақстандағы алғашқы инаугурация 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен жалпы халықтық сайлауда басым көпшілік дауыспен Н.Ә. Назарбаев ел Президенті болып сайланғаннан кейін өткізілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті егеменді елдің Туы астында, Конституцияға қолын қойып тұрып, Қазақстан халқына қалтқысыз қызмет көрсетуге салтанатты түрде ант берді. Инаугурация кезінде ұлттық дәстүр де пайдаланылды. Елбасы аяғы астына ақ киіз төселді, қарт ақын Шәкір Әбенов тұңғыш Президентке бата беріп, дәстүрлі ұлттық киім кигізді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.