Изз әд-Дин Әбу-л-Хасан Әли, Ибн әл-Асир (12.5.1160 – 1233/1234) – араб тарихшысы.

Әкесі қала билеушісі болған, кейін отбасымен Мосулға көшкен. Изз әд-Дин Әбу-л-Хасан Әли осында оқып, Арабия, Сирия және Палестинаға жасаған саяхаты кезінде тарих пен ескі аңыздарды (хадистер) зерттеп білуге баса көңіл аударды. Өмірінің көп жылын Мосулда өткізіп, ғылымға арнады. 1188 жылы ол түрік сұлтаны Салах әд-Диннің крест тағушыларға қарсы шайқастарына қатысқан. Өмірінің соңында тағы да Сирияға барып, қайтып оралған соң дүние салды. Негізгі еңбегі – 12 томдық “Тарихтың толық жинағы” (“Әл-кәмил фи-т-тарих”). Онда автор жылнама жүйесімен баяндау арқылы жалпы тарихи сипатта мағлұмат береді. Бұл еңбегінде 751 жылы Тараз қалада түбінде өткен Атлақ шайқасына көңіл бөлінген. Қарахандар дәуіріндегі Тараз қаласының Ұлы Жібек жолының маңызды тірек орны қызметін атқарғаны баяндалған. 10 ғасырға дейінгі кезеңді баяндауда ол біздің заманымызға дейін жетпеген бірнеше басқа шығармалардағы мәліметтермен толықтыру арқылы Әбу Жаффар Мұхаммед ат-Табари тарихын пайдаланған. Бұл еңбек, әсіресе, оқиғаларды зерттеуде құнды дерек. 10 ғасырдың жартысына дейінгі уақыт аралығындағы Хорасан мен Орта Азия тарихшысы Селламидың шығармасына сүйенген. Онда саяси оқиғалармен (арабтар, қарахандар, хорезмшаїтар, қарақытайлар жорығы, т.б.) бірге ертедегі халықтар мен тайпалардың рухани мәдениеті мен тұрмысы да жан-жақты әңгіме болады. Сондай-ақ, ол орта ғасырлардағы оғыздар, қарлұқтар, хазарлар мен қыпшақтар тарихы туралы да маңызды дерек болып табылады. “Әл-кәмил фи-т-тарихтың” соңғы тарауларында басқа оқиғалармен қатар Шыңғыс ханның Орта Азия мен Иранда, Кавказда жүргізген саясаты да айтылады. Бұл еңбекті шведтің араб тарихын зерттеушісі К.И. Торнберг 1861 – 76 жылдары 14 том етіп басып шығарды.[1]

Сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.