From Wikipedia, the free encyclopedia
Зоогеография (грекше: zoon - жануар және география) – Жер шарындағы жануарлар дүниесінің таралуы мен олардың орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биогеографияның бөлімі.
Зоогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Құрлықтағы организмдерді зоогеографиялық тұрғыда жіктеуді Н.А.Северцов пен М.А.Мензбир экологиялық және тарихи тұрғыдан қарастырған. Құрлықтағы зоогеографиялық аудандастыруда В.Гептнердің жүйесі негізге алынды. Оның 2 варианты бар. Қазақстан фаунасын зоогеографиялық аудандастыру екіншісіне жатады. Бұл жіктелім бойынша құрлық жануарлары 8 облысқа бөлінеді:
Қазақстан Голарктика облысы, Палеоарктика тармағының Орталық Азия провинциясына кіреді.
Әр облыстың өзіне тән жануарлар дүниесі бар. Қазақстанды зоогеографиялық аудандарға жіктегенде И.А.Долгушин республика жерін мұндағы құстардың таралуына қарай, ал А.Л.Афанасьев сүтқоректілердің орналасуына қарай бөлді. Мұхиттар мен теңіздердің фаунасын аудандастыру ағылшын ғалымы Э.Форбстың, неміс ғалымы А.Ортманның еңбектерінде сипатталады.
Жануарларды зоогеографиялық аудандастырудың сирек кездесетін жануарлар мен тұз хайуанаттарын қорғауды ұйымдастыруда (мысылы, қорық, қорықша ұйымдастыру) маңызы зор. Қазақстанда зоогеографиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Зоология институты айналысады.
Зоогеография[1]— қазіргі кездегі және өткен замандардагы жануарлар мен олардың қауымдастықтарының (зооценоздарының) географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін биогеографияның саласы; осы таралуды, сондай-ак экологиялық топтардың географиялық таралуын анықтайтың қазіргі және тарихи факторлар мен заңдылықтарды зерттейді. Зоогеографияның негізгі әдістерінің бірі — картаға түсіру.
Зоогеографияны
Ареалогиялық зоогеография — жануарлар түрлерінің, туыстарының және басқа таксондарының таралу атыраптарын;
Тарихи-фауналық зоогеография — өткен геологиялык дәуірлермеп байланысты фауна мен оның тарихын зерттейді;
Аймақтық зоогеография — Жер шарын әр түрлі типтегі фауналық аймаққа (патшалық, тараптық, тарапшалық) аудандаумен шүғылданады;
Экологиялық зоогеография — жануарлардың тіршілік жағдайлары-на (абиоталық, биоталық, антропогендік) байланысты таралуын қарастырады;
Зооценологиялық зоогеография — зооценоздарды, олардың құрылымын, құрамына енетін жануарлардың сандық және сапалық өзара қатынастарын зерттейді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.