From Wikipedia, the free encyclopedia
Жарыс автомобилі - әдетте бір орынды, жоғарғы жылдамдықпен жүретін, әдейі автомобиль жарыстарына арналып жасалған, арнайы кең шиналы, шанағы төмен сүйір болатын, жоғарғы қуатты арнайы қозғағышы бар автомобиль.[1]
Жарыс автомобилі — автомобиль спортына және шапшаң жүруден рекорд жасауға арналған бір не екі орынды автомобиль. Қозғалтқышының жұмыстық көлемі (л) мен өзінің салмағына (кг) қарай жарыс автомобилі “жарыс формуласы” деп аталатын бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, “Формула-1” жүйесі бойынша жарысатын автомобиль қозғалтқышының жұмыстық көлемі 3 литрге дейін, салмалмағы 600 килограмнан кем емес; “Формула-2” жарыс автомобилінің жұмыстық көлемі 1,6 литрге дейін, салмағы 450 килограмнан жоғары, “Формула-3” жарыс автомобилінің жұмыстық көлемі 1 литрге дейін және салмағы 400 килограмнан артық болады. “Формула-1” жарыс автомобилінің литрлік қуаты 100 кВт/л-ден астам, айналу жылдамдығы 12 — 15 мың айн./мин, жанармайдың сығылу дәрежесі 11 — 12-ге жететін көп клапанды қозғалтқышпен жабдықталған. 1997 жылдан “Формула-1” жарыс автомобиліне мынадай талаптар қойылады: ені дөңгелектерін қосқанда 200 см-ден аспауы керек; биіктігі 95 см-ге дейін; салмағы 600 кг-нан кем емес; қозғалтқышының көлемі 3000 см3 артық болмауы тиіс. Қозғалтқышын қосымша ауа қысымымен күшейтуге болмайды. Дөңгелегі төртеу, айналу моменті тек артқы екі дөңгелекке беріледі. Жарыс кезінде әр жарыс автомобиліне телекамера орнатылады. 1990 жылдардың ортасынан М.Шумахер (Германия), М.Хаккинен (Финляндия) “Формула-1” автожарысының бірнеше дүркін жеңімпаздары болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.