ЖармышМаңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы ауыл, Жармыш ауылдық округі орталығы.

Географиялық орналасуы

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Ауыл
Жармыш
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Маңғыстау

Ауданы

Маңғыстау

Ауылдық округі

Жармыш

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°08′51″ с. е. 52°27′20″ ш. б.44.14750° с. е. 52.45556° ш. б. / 44.14750; 52.45556 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1930

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

1984 адам (2021)

Этнохороним

Жармыштық, Жармыштықтар

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 72931

Пошта индексі

130402

Автомобиль коды

12 (R)

Жармыш картада
Жармыш
Жармыш
Жармыш картада
Жармыш
Жармыш
Close

Аудан орталығы — Шетпе ауылынан шығысқа қарай 25 км жерде, Маңғыстау тауларының солтүстік-шығыс баурайында, боз жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өскен сұр, сортаң сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1930 жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығы ұжымдастыруға байланысты “Бозащы” ұжымшарының орталығы болып қаланды. 1969 жылдан қаракөл қой кеңшарының орталығы болды. 1997 жылдан кеңшар негізінде 19 шаруа қожалықтары құрылды.

Халқы

More information 2009[1], 2021[2] ...
1999 2009[1] 2021[2]
1826 1866 1984
Close

Ауыл шаруашылығы

Ауыл бойынша құрылған 25 қожалықтың 8-і және «Жармыш» ЖШС мал шаруашылығымен айналысуда. Шаруа қожалықтарында 2015 жылғы қаңтардың 1-ндегі есеп бойынша 41 бас сиыр, 982 бас қой, 420 бас ешкі, 889 бас жылқы, 230 бас түйе малдары болса, сол жылы «Жармыш» ЖШС-нде 461 бас қой, 9 бас жылқы малдары бар. Ауылдағы жеке тұрғындар есебінде 1 қаңтар 2015 жылғы жағдай бойынша қой-ешкі 5273 бас, сиыр 520 бас, жылқы 1269 бас, түйе 1203 басты құрады.

Инфрақұрылымы

Жармыш орта мектебінде 2014-2015 оқу жылына 1-11 сыныптардағы оқушылар саны - 383 құрады. Маңғыстау ауданы әкімінің 2013 жылғы №181 қаулысына сәйкес селода 80 орындық «Еркетай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылып, жұмысын бастады. 2013 жылы жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Ауылдғы орта мектепте 1 спорт залы, 1 шағын спорт алаңы бар. Жанашыр кәсіпкерлер көмегімен күрес залы жасақталып, пайдалануға берілді

Транспорты

Ауылдың солтүстік жағынан Сайөтеш — Бозащы су құбыры өтеді. Одан Жармышқа су құбыры тартылған. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. [3]

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.