From Wikipedia, the free encyclopedia
Жарасбаевтар (Мінайдар, Мырқы, Аппаз) — ағайынды қазақ байлары. Кіші жүз құрамындағы Жаппас руының Жылкелді аталығынан шыққан. Жазда Қостанай, Торғай өңірін жайлап, Сырдария өзені бойын қыстаған Мінайдар (1850–1919), Мырқы (1854–1916). Жарасбаевтар жомарттығымен танымал болған. Мырқы Құнанбаймен бірге Меккеде қазақ тәкиясын салдырғандардың бірі (1874/76). Ағайынды Жарасбаевтардың Сырдария өзенінің үстінен өз қаражаттарына салғызған аспалы көпірі, Қызылорда қаласындағы үйлері 20 ғасырдың 2-жартысына дейін сақталды. Аппаз (1858–1922) болыс, сот (1888) қызметін атқарған, Бештау, Санкт-Петербург, Тобыл, Үргеніш, Бұхара мен Ташкент қалалары аралығында сауда керуенімен сауда-саттық жүргізген. Ол Сыр өлкесіндегі атақты екі Жүсіптің айтысына төрелік айтқандардың бірі. 1902 жылы Қараөзек тұсындағы т. ж-дың өту бағытын жасауға қатысқан. Қараөзек өз. бойында Аппаз көңі деген жер бар. Жарасбаевтардың игі істерін жалғастырушы ұрпақтары Хакімжан Мінайдарұлы Торғай өңірінде мектеп ашуға атсалысса, Сейіт Мінайдаров Қостанай өңірінде болыс болған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.