From Wikipedia, the free encyclopedia
Жалаңкөз (лат. Ablepharus) – кесірткелерге жататын бауырымен жорғалаушылар тегі. Оңтүстік Еуропа, Кавказ, Азияда тараған 6 түрі белгілі. Қазақстанның шөлді, шөлейтті жерлерінде кездесетін 2 түрі (шөл Жалаңкөзі, алай Жалаңкөзі) бар. Денесі созылыңқы, ұзындығы 13 см-дей. Аяқ-қолы бес саусақты, нашар жетілген. Қабақтары бір-бірімен тұтасып өсіп кеткен, соның салдарынан көздерінің орнында қозғалмайтын, түссіз саңылау ғана қалған. Жануардың аты осыған байланысты қойылған. 6 – 7 ай ғана белсенді тіршілік етеді, негізінен, қорегін күндіз іздейді. Жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, қоңыздармен, қосқанаттылармен, моллюскілермен қоректенеді.[1]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Ablepharus |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.