Еркекқырыққұлақ (Pterіdіum) – кәдімгі қырыққұлақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында, шөл-шөлейтті жерлерінен басқа, қарағайлы-шыршалы, аралас ормандарындағы ылғалды жерлерде өсетін 1 түрі – кәдімгі еркекқырыққұлақ (P. aquіlіnum) бар. Оның биіктігі 50 – 100 см-дей. Көлбеу өскен жуан тамырынан екі қатар қауырсын тәрізді жапырақтары жетіледі. Алғашқы кезде жапырақтары спираль тәрізді ораулы болады. Олардың жылына тек бір қатары ғана көктейді. Жапырағының астыңғы жағынан екі қатар қоңыр түсті сорустары (өсімдік спорасы дамитын мүшелері) пайда болады. Сол споралар піскеннен кейін жерге түсіп, көктей бастайды. Еркекқырыққұлақ – өте улы өсімдік. Оның шөбін де, сүрлемін де шошқадан басқа мал жемейді. Тамырының құрамында 45%-дай крахмал, сапонин болады. [1]

Quick Facts Еркекқырыққұлақ, Ғылыми топтастыруы ...
Еркекқырыққұлақ
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: өсімдіктер
Бөлімі: Pteridophyta
Табы: Pteridopsida
Сабы: Dennstaedtiales
Тұқымдасы: Dennstaedtiaceae
Тегі: Pteridium
Gled. ex Scop. 1760 not Raf. 1814 (Pteridaceae)
Close

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.