From Wikipedia, the free encyclopedia
Гүлжәмиля Ихсанқызы Қадырбекова 1949 жылы 13 қазанда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Қадырбеков Ихсан Қадырбекұлы, Қазақстан Коммунистік партиясы облыстық комитетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Анасы - Ахметова Нүрхан Бәтішқызы, зейнеткер, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА Орталық ғылыми кітапханасының директоры қызметін атқарған. П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультетін (1972) концерттік орындаушы, педагог мамандығы бойынша; ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық жоспарлау институтын (Париж қ., 1997) педагог, концертмейстер мамандығы бойынша; Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін (1999) француз тілінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1994 жылдан). С.В. Рахманинов. «Паганини тақырыбына рапсодия», «Орындаушы-педагогтың жазбалары» әдістемелік көмекші құралдарының авторы. Қазақ, орыс, француз, неміс, итальян, венгер және эстон тілдерін біледі. 1974 жылдың тамыз айынан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының арнайы фортепиано кафедрасының оқытушысы. 1974 жылдың қазан айынан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. 1991 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арнайы фортепиано кафедрасының оқытушысы, 1994 жылдан - профессоры. ҚР Халық әртісі (1991). «Құрмет» орденімен (2000); «Астана» медалімен (1998) марапатталған. Виотти атындағы халықаралық пианистер конкурсының 1-ші абсолюттік жүлдесінің иегері (Италия, 1980). Хоббиі - спорт (үлкен теннис, тау шаңғысы), әдебиет, кескіндеме өнері, кино. Сүйіп оқитын әдебиеті - Т. Әбдіков, С. Торайғыров, М. Кундера. Қызы - Сепп Майа.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Пианист, Қазақстанның халық артисі. 1949 жылы Алматы қаласында туған. 1967 ж. К.Байсейітова атындағы музыкалық мектепті бітіріп, П И. Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясына түскен. Профессор, РКФСР-дің еңбек сіңірген артисі Г.Акселородтың арнайы фортепьяно класы бойынша оқыған. Консерваторияны бітірген соң аспирантурада оқуын жалғастырды, 1980 жылы Верчелли қаласындағы (Италия) Виотти атындағы пианистердің Халықаралық конкурсына қатысып, 1- ші сыйлықты және лауреат атағын алды. 1993 жылы Парижде өткен Француз фортепьяналық музыкасының конкурсына жюри мүшесі ретінде қатысты.1994 ж. Г. Қадырбекова жеке концертпен Париж қаласына шақырылды. Австрияға, Францияға, Венгрияға, Кипрға, Ресейге және Қазақстан қалаларына концерттік сапармен шықты. Қазіргі кезде Г. Қадырбекова Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның арнаулы фортепьяно кафедрасында профессор және К. Байсейітова атындағы музыкалық колледждің арнаулы фортепьяно факультетінің деканы[2].
Гүлжамила Ықсанқызы Қадырбекова (13.10.1949, Алматы) - пианист. Қазақстанның халық артисі (1991). Мәскеу консерваториясының фортепьяно факультетін (1972), оның аспиратурасын бітірген (1974). Сол жылдан бастап қазақ филармониясының соло-пианисі. 1974 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) педагогика қызметте (1994 жылдан профессор). Қадырбекова репертуарында И.Бахтың, В.Моцарттың,Л.Бетховеннің,Ф.Листтің шығармалары бар. Ол -Н.Меңдіғалиев, Т.Қажығалиев сияқты қазақ композиторларының шығармаларын тұңғыш орындаушылардың бірі. Қадырбекова гастрәльдік сапармен Венгрияда (1984), Австрияда (1980), Италияда (1980), т.б. елдерде болды. 1980 жылы Италияның Веречелли қалсында өткен байқауда 1-дәрежелі сыйлыққа ие болып, пианистердің Дж. Виотти атындағы халықаралық байқауының лауреаты атанды. Италия, Франция, Австрия, Туркия, Тунис, Чехия, Эстония, т.б. елдерде концерт берді. "Құрмет белгісі " орденімен марапатталған (2000).[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.