Герман тілдері
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Герман тілдері — Үндіеуропалық тілдер шоғырының бір тармағын құрайтын өзара туыстас тілдер тобы. Осы тілдердің ортақ «ата-тілі» — б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың орта бөлігінде солтүстік Еуропада қолданыста болған протогерман тілі. Протогерман тілі мен одан өрбіп шыққан тілдердің барлығына бірегей тілдік ерекшеліктер тән, солардың ішіндегі ең танымалы — Гримм заңы деген атпен белгілі дауыссыздардың өзгерісі. Солтүстік Еуропаны мекендеген герман тайпалары ІІ-ші ғасырдан бастап римдіктермен шекаралас аймақтарда қоныстана бастаған кезден бері герман тілдерінің ең алғашқы түрлері де тарихқа енді.
Герман тілдері Тевтон тілдері
| |
---|---|
Жоғрапиялық таралуы: |
Әуел баста солтүстік, батыс және орталық Еуропада; қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде |
Жаралу бойынша тектестіруі: |
Үндіеуропалық Герман тілдері |
Бөлікшелері: |
Солтүстік герман
Батыс герман
|
Ағылшын және неміс тілдері ең көп тараған герман тілдері болып табылады, оларда ана тілі ретінде сөйлейтіндердің саны тиісінше шамамен 400 және 100 миллион адамды құрайды. Бұл топқа басқа да ірі тілдер жатады: сөйлеушілер саны 23 миллион голланд тілі, 16 миллион адам сөйлейтін африкаанс тілі, ал солтүстік герман тілдеріне жататын төрт тіл: норвег, швед, исланд және фарер тілдерінде сөйлеушілердің жалпы саны — 20 миллион адам. SIL ұйымы құрастыратын Ethnologue тізімінде 53 түрлі герман тілдері келтірілген.
Герман тілдеріне төмендегі бірқатар қасиеттер тән:
Герман тілдерінің арасындағы айырмашылықтар басқа тіл шоғырларындағы, мысалы роман немесе славян тілдерінің ішіндегі тілдердің арасындағы айырмашылықтардан әлдеқайда көп. Тілдерде жалпы байқалатын аналитизмге деген үрдіс бойынша герман тілдерін де екі топқа бөлуге болады. Неміс, голланд, әсіресе исланд тілдеріндегі аналитизм деңгейі әлсіз, ал ағылшын, швед және африкаанс сияқты тілдерде аналитизм мейлінше күшті дамыған.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.