From Wikipedia, the free encyclopedia
Гвинн Шотвелл (ағылш. Gwynne Shotwell; 23 қараша 1963 жыл, Эванстон[1], Иллинойс, АҚШ) - американдық кәсіпкер және инженер. Америкалық авиағарыштық SpaceX корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры[3]. 2020 жылдың 10 желтоқсанында Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды әйелдер арасында 49-шы орында.[4] Time журналының нұсқасы бойынша Гвинн 2020 жылдың ең ықпалды 100 адамының ішіне кірді.[5]
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2020-12-25, 03:18 кезінде (3 жыл бұрын) Aselhan (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (желтоқсан 2020) |
Гвинн Шотвелл 1963 жылы 23 қарашада Чикагодан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде Иллинойс штатының Эванстон[1] қалашығында, нейрохирург және суретші отбасында, үш қыздың екіншісі болып дүниеге келген. Балалық шағы Чикаго маңындағы Либертивилл қаласында өтті. Жоғары сыныптарда ол құрастырғанды ұнататын - әкесіне қала маңындағы отбасылық бақтың қоршауын салуға, фанерадан баскетбол қалқанын жасауға көмектесті[6]. Солтүстік-Батыс университетінде механикалық инженерия және қолданбалы математика мамандықтары бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін алды[7].
Бастапқыда Шотвелл автокөлік өнеркәсібінде жұмыс істеуді жоспарлап, Chrysler корпорациясының менеджерлерді даярлау бағдарламасына тіркелді, бірақ өз саласына жақын практикалық инженерлік салада жұмыс жасағысы келді[8], оның үстіне Шотвелл бұл өнеркәсіпте қалуды қаламады[7].
1988 жылы ол The Aerospace Corporation компаниясының Эль-Сегундо ғылыми-зерттеу орталығында жұмыс істей бастады және әскери ғылыми-зерттеу келісімшарттары бойынша техникалық жұмыс жасады. Он жыл бойғы жұмыс уақытының ішінде ол жылуды талдау саласында жұмыс істеді және "әртүрлі тақырыптар бойынша ондаған мақалалар жазды, соның ішінде шағын ғарыш аппараттарын концептуалды жобалау, нысандардың цифрлық модельдерін модельдеу, қайта пайдаланылатын аппараттар үшін ғарыш кемесі мен операциялық тәуекелдерді интеграциялау"[7].
"Ғарыш кемелерін тұрғызу және құрастыру" мақсатымен, Эль-Сегундо қаласында орналасқан, зымыран құрастырумен айналысатын, аз бюджетті Microcosm Inc компаниясына "ғарыш жүйелері бөлімшесінің директоры" болу үшін, 1998 жылы Aerospace Corporation-нан шығады[7]. Онда ол атқарушы комитетте жұмыс істеп, бизнесті дамытуға жауапты болды.
2002 жылы Гвинн Шотвелл, бұрын Microcosm-да инженер болып жұмыс істеген Ганс Кенигсманның (Hans Koenigsmann) шақыруымен, сол жылы Илон Маск құрған SpaceX жеке ғарыш компаниясына жұмысқа ауысты. Шотвелл осы компанияның жетінші қызметкері болды — бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент[9]. Ол шамамен 5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 50-ге жуық Falcon зымырандарын ұшыру туралы келісімшартқа қол қойды. 2017 жылғы жағдай бойынша ол SpaceX-тің президенті және бас атқарушы директоры болып табылады, ағымдағы операциялар және клиенттермен барлық байланыстарды басқару және компанияның даму стратегиялары үшін жауапты болып табылады[10].
Бүтін салада инновациялық және серпінді бола отырып, SpaceX 2010 жылдың желтоқсанында ғарыш кемесін орбитаға сәтті шығарып және қайтарған алғашқы жекеменшік компания болды[11]. Ол сондай-ақ Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді жеткізу үшін NASA-мен бірнеше миллиардтық келісімшартқа ие. SpaceX сонымен қатар жақын арада адамдарды Марсқа жеткізуге арналған келесі буын транспорт жүйесімен жұмыс жасауда.
2019 жылғы 6 ақпанда Polaris Industries Шотвеллдің директорлар кеңесіне 2019 жылдың 1 наурызында кіретінін жариялады.[12]
Шотвелл STEAM-ға байланысты әртүрлі бағдарламаларға қатысады, соның ішінде Фрэнк Дж. Редд (ағылш. Frank J. Redd) атындағы студенттік шәкіртақы конкурсына да. Оның басшылығымен комитет 6 жыл ішінде стипендия ретінде 350 000 доллардан астам қаражат жинады[10].
2013 жылдың маусымында Шотвелл TEDxChapmanU-да ғылым, технология, инженерия және математиканың маңыздылығы туралы TEDx-те баяндама жасады[18]. Ол үнемі бизнес аудиториялардың алдында сөз сөйлейді және 2014 жылдың маусым айында Брент Скукрофттың халықаралық қауіпсіздік орталығындағы "өнеркәсіп капитандары" сериясына жеке кәсіпкерліктің ғарыштық ұшу технологияларын дамытудағы жетістіктері туралы баяндама жасады.[13]
2018 жылғы TED конференциясында Шотвелл Крис Андерсонға SpaceX-тің болашақ жоспарлары туралы сұхбат берді.[19]
2018 жылдың 28 қыркүйегінде Грейс Хоппердің есептеу техникасындағы әйелдер салтанатында Шотвеллдің сөзі "біздің болашағымыздың іске қосылуы" деп аталды және ол аэроғарыштық технологиялар саласындағы көзқарасы мен жетістіктері туралы, сонымен қатар әйелдердің жан-жақты болуы мен қоғамда орын алуы адамзаттың дамуына не үшін қажет екендігі туралы айтты.[20]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.