From Wikipedia, the free encyclopedia
Возвышенка ауданы — 1967-1997 жылдары болған Солтүстік Қазақстан облысының құрамындағы Қазақ КСР мен Қазақстан солтүстігіндегі әкімшілік бірлік.
Аудан | |
Возвышенка ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Енеді |
12 а/к (1989) |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Таратылған уақыты | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
12 310 адам (2009) |
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1967 жылғы 2 қаңтардағы қаулысымен аудан Булаев ауданының құрамынан 8 ауылдық кеңес – Возвышенка, Жданов, Қарағанды, Майбалық, Молодогвардейск, Совет, Таман және Ұзынкөл ауылдық кеңестерін бөлу арқылы құрылды[1][2].
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 16 тамыздағы Жарлығымен Көкше Шақсы ауылы Комсомол ауылы болып өзгертілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1977 жылғы 31 наурыздағы шешімімен Булаев ауданы Успен ауылдық кеңесіне қарасты Писаревка, Комсомол, Ленино ауылдары мен Писаревка мекені Возвышенка ауданы Таман ауылдық кеңесінің құрамына берілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1977 жылғы 1 қыркүйектегі шешімімен Веселовка ауылы Булаев ауданы Успен ауылдық кеңесінің құрамынан Возвышенка ауданының Писарев ауылдық кеңесінің құрамына ауыстырылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1978 жылғы 5 мамырдағы қаулысымен орталығы Бастомар ауылында болған Бастомар ауылдық кеңесі құрылды.
1986 жылы ауданға 12 ауылдық кеңес кірген: Александров, Бастомар, Возвышен, Жданов, Қарағанды, Майбалық, Молодогвардейск, Писарев, Сейфуллин, Совет, Таман, Ұзынкөл.[3]
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен Жданово ауылы Золотая Нива ауылы болып, Жданов ауылдық кеңесі Золотонивск ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1994 жылы әкімшілік реформа кезінде барлық ауылдық кеңестер ауылдық округ болып өзгертілді.
1997 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің №3528 Жарлығымен аудан таратылып, аумағы Булаев ауданының құрамына енді[4].
1989 жылы ауданның құрамына 12 ауылдық кеңес кірді:
Ауылдық кеңес | Тұрғыны, адам (1989) |
Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|---|
Александров ауылдық кеңесі | 1393 | Александровка | 3 |
Бастомар ауылдық кеңесі | 1382 | Бастомар | 2 |
Возвышен ауылдық кеңесі | 5297 | Возвышенка | 3 |
Жданов ауылдық кеңесі | 1820 | Жданово | 3 |
Қарағанды ауылдық кеңесі | 2343 | Қарағанды | 1 |
Майбалық ауылдық кеңесі | 1007 | Майбалық | 1 |
Молодогвардейск ауылдық кеңесі | 1404 | Молодогвардейское | 2 |
Писарев ауылдық кеңесі | 1521 | Писаревка | 5 |
Сейфуллин ауылдық кеңесі | 821 | Сейфуллин | 2 |
Совет ауылдық кеңесі | 3793 | Советское | 3 |
Таман ауылдық кеңесі | 1152 | Таман | 2 |
Ұзынкөл ауылдық кеңесі | 1719 | Ұзынкөл | 3 |
Қазақстан Компартиясы Возвышенка аудандық комитетінің бірінші хатшылары.
|
Возвышен аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағалары
|
Возвышенска ауданы әкімшілігінің басшылары
Возвышенка ауданының әкімдері
Возвышенка аудандық мәслихатының хатшылары
|
1970 | 1979 | 1989[6] |
---|---|---|
21504 | ▲23194 | ▲23515 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.