From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұлт — атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 — 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің және мұз кристалдарының көлемі ұлғайып, олар бұлттардан бөлініп, атмосферадан жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар, ұлпа, бұршақ т.б.) жер бетіне түседі. Бұлтты құрайтын тамшылар өте ұсақ, диаметрі бірнеше мкм-ден 200 мкм-ге дейін болады. Бұлттағы сұйық судың құрамы тым аз, Бұлт ауасының 1 м3-не шаққанда 1 г-ның бірнеше жүздік бөлігінен бірнеше г-ға дейін ғана жетеді. Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады (ауады). Олар биіктігіне қарай негізгі 4 түрге ажыратылады: жоғары ярустағы (қоңыржай ендіктерде 6 км-ден жоғарыда), ортаңғы ярустағы (6 км-ден 2 км-ге дейін), төменгі ярустағы (2 км-ден төмен) және вертикаль бағытта пайда болатын (асты төмен яруста, үсті жоғары немесе ортаңғы ярустарда) Бұлттар. Олар халықараралық классификацияға сәйкес шарбы (Сі), шарбы-будақты (Сс), шарбы-қабатты (Сs), биік будақты (Ас), биік қабатты (Аs), қабатты-жауынды (Ns), қабатты (St), қабатты-будақты (Nс), будақты (Сu), будақты-жауынды (Сb) болып бөлінеді. Бұлттардың шығу тегін сыртқы пішіні мен ішкі құрылым ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ, мөлдірлік көрсеткіші бойынша анықтауға болады. Жоғарғы ярустың шекаралары полярлық ендіктерде 3 — 8 км, қоңыржай ендікте 5 — 13 км, тропикалық ендікте 6 — 18 км аралығында. Тропосферада байқалатын әр түрлі текті Бұлттардан басқа 20 — 30 км және 70 — 80 км биіктікте маржан тәріздес және күміс тәріздес Бұлттар кездеседі. Маржан тәріздес Бұлттар сирек кездеседі және тек Солтүстік Еуропа мен Аляскада, күн көкжиектен бірнеше градус жоғары тұрған кезде ғана байқалады. Күміс тәріздес Бұлттар өте жұқа, жұлдыздардың жарығын да әлсіретпейді, олар мезосфераның төменгі бөлігінде 75 — 90 км биіктікте 50 — 250 м/с жылдамдықпен ығысады. Мұндай Бұлттар жанартаулық немесе ғарыштық тозаңнан пайда болған деп болжанады.
Бұлттардың төмендегідей негізгі типтері болады:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.